» » Қазақстанда ит төбелестіруге тыйым салынды

Қазақстанда ит төбелестіруге тыйым салынды

Қазақстанда ит айқасын өткізуге заңнамалық түрде тыйым салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын таныстыру кезінде осы мәселені қозғады. 
"Бүгін назарларыңызға ұсынылған заң жобасы жануарларға қатысты келеңсіз көріністерге тосқауыл қояды. Мұндай көріністерге, атап айтқанда, ит айқастыру, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды өлтіргені үшін жазасыз қалу, жануарларды аш ұстау және оларға уақытында көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау, жеуге және өнім алуға арналмаған жануарлардың еті мен майын пайдалану жатады", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, заң жобасының ережелерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Ветеринария туралы, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады, барлық тіршілік иелеріне адамгершілік пен ізгі қарым-қатынасты қалыптастыруға, үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік береді деп санаймыз", – деп түйіндеді вице-министр.
10 қазан 2021 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930