» » Ветеринариялық паспорт электронды форматқа ауыстырылады

Ветеринариялық паспорт электронды форматқа ауыстырылады


Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz



Мәжіліс депутаты Роман Кимнің айтуынша, заң жобасымен 2 заңнамалық актіге: "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекске және "Ветеринария туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", деп айтып өтті.
Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру. Атап айтқанда, заң жобасымен ветеринариялық паспортты электронды форматта беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі іске асырылып отыр.
Көрсетілетін қызметті автоматтандыру, бұрын қағаз форматта дайындауға жіберілетін бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, адами фактордың әсерін жояды, осы құжатты беруді жеңілдетеді және алуды тездетеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алғышарттарын барынша азайту мақсатында заң жобасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға құқық беру ұсынылып отыр.

24 қараша 2020 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031