» » Қаңғыған иттен ҚАУІП БАР МА?

Қаңғыған иттен ҚАУІП БАР МА?

Итті көргенде осы оқиға есіме түседі. Жасыратыны жоқ көшеде шұбырған ит көрсем төбе шашым тік тұрады. Бірақ, қорыққанымды білдірмей, бойымды тік ұстап, өтіп кетемін. Бұл тақырыпты қаузауға бір оқиға сеп болды. Әнеугүні жұмысқа жол тарттым. Топырлаған иттер бірінің артынан бірі қуып, кезіп жүр. Мектепке бара жатқан балалар жүре алмай, абдырап тұр. Үлкен кісілердің өзі де сол. «Осыларды неге құртпайды?» деп бұлқынып қояды. Иә, рас. Әлгінде әлеуметтік желідегі ОЛХ парақшасына кірсем, барлығының айтатыны «ит ататындар бар ма?». Оған жазған ұзын-сонар жауапты көрсеңіз. «Бұлар» кенттің әржерінде кезіп жүреді. Былтыр аудан бойынша 1706 итті «тұтқындаған». Оның ішінде, көзі жойылғандары да бар. Жалпы, қаңғыған иттен қауіп бар ма? Мамандардың айтуынша, көше кезген иттен гөрі иесі бар ит қауіпті екен.
– Қаңғыбас иттер – ауру таратушы «көз». Себебі, кез келген жерден табылған тамақ қалдығымен қоректенеді. Етқоректіге тән ауру тістеу арқылы адамға қауіп әкеледі. Бұл әсіресе тұрғындарға зиянын тигізеді. Ит тістеп, жарақат алушылардың 70-75 пайызының иелері бар. Яки, ит-мысығының ережесін дұрыс сақтамаудың салдарынан. Итін бос сенделтіп қойған иелеріне де облыстық мәслихат бекіткен арнайы ереже бар екен. Егер, ескертуге құлақ түрмесе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 2014 жылғы 5-шілдедегі Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады, – дейді аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Мәди Сарыбаев.
Әрине, ит – адамның досы. Оны асырауға да бап керек. Ол сырласың да бола алады. Мұңайғанда жаныңды түсінеді. Алайда, оның жануар екенін ұмытпаған жөн. Кез келген уақытта «арс» етпеуіне кім кепіл? Тағыланған иттердің көбеюі тұрғындардың жауапсыздығынан. Далаға еркіне жібере салады. Олар қоқыс жәшіктерінің маңын торуылдап, мекемелер мен тұрғын үйлердің аулаларында түнейді. Біреу емес, бірінің артынан бірі еріп топтасып жүреді. Осының салдарынан ата-аналар балаларын өздігінен оқуға, далада емін-еркін ойнауға жіберуге қорқуда. Мамандардың айтуынша, тұрғындар иттерін бетімен жібермей, тіркеп, ветеринарлық емханада егу шараларын жүргізуі қажет. Ауру иттің белгілерін де оңай аңғаруға болады. Сілекейі шұбырып, жүні үрпиіп, көзі қызарған итіңіз болса дереу екпе салдыртыңыз. Сонау ежелгі ойшылдар Аристотель мен Демокрит иттің құтыруын ауыр дертке балаған. Ал, тарихта Әмір-Темірдің бұйрығымен Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың ит қапқан әйелі мен қызын арнайы өлтірген. Демек, бұл құтырудың жұғу жолы өте жеңіл дегенге саяды.
Бұралқы иттердің қаппауына ешкім кепілдік бермейді. Көбіне олар өзі жүретін шекарасын қорғау үшін адамға шабуыл жасайды. Ал, одан қалай қорғануға болады? Қабаған ит жолықса, сабыр сақтау керек. Арсылдаған иттен қашуға, айқайлауға да болмайды. Әрбір қимылыңыз баяу болсын. Итке тіке қарамай, көзіңіздің қиығымен ғана әрекетін бақылаңыз. Шап бергенде, аузына кез келген затты салып үлгеріңіз. Себебі, иттің азулы тісінен сақтанған абзал.
Жаздыгүні төркіндетіп ауылға бардым. Бірнеше күнге созылған демалыстан соң анамның көйлегін алып үйге қайттым. Сондағы мақсатым, алыс жерде тұрған соң сағынышымды басуға анамның иісі сіңген көйлегін киіп жүру еді. Далаға шықсам үйдегі ит «арс-арс» етіп үреді. «Мен ғой, танымай қалдың ба?» деп қоям өзімше. Жоқ, тіптен аулада-ақ жүргізбей қойды. Сөйтсем, анам иттен қатты қорқады екен ғой. Тіпті, «сүмірейген» иттің өзі үретін-ді. Қорыққан адамның басынан «буы» шығып тұрады деуші еді. Иісінен қалай аңғарғанына таң қаламын.
P.c
Көше кезген қаңғыбас иттердің ішінде сіздікі де болуы әбден мүмкін. Ереже бәріне ортақ. Сол үшін итіңізді байлап қойғаныңыз жөн болар...

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
07 ақпан 2019 ж. 1 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031