» » Топ-5: Балалар қорқынышы

Топ-5: Балалар қорқынышы

Балалар қорқынышы – қалыпты құбылыс. Ата-анасының көмегімен бала өз қорқыныштарын жылдам жеңеді. Жиі кездесетін Топ-5 балалар қорқынышын және оларды жеңу үшін ата-ана не істеу керектігін ұсынамыз.
1. Қараңғыдан қорқу Бұл қорқынышпен барлық дерлік бала ұшырасады. Сол кезде ата-ана не істеу керектігін білмейді. Ешқашан бала қорқынышын елемей қоймаңыз. Баланың 4,5-5,5 жас аралығында эмоциялық өрісі жетіледі. Ол дегеніміз қорқыныш қалыптан тыс ұлғая түседі. Бізге ұсақ-түйек болып көрінген нәрсе, оған нағыз үлкен мәселе болып табылады. Сондықтан оған мұқият қарап, қамқорлық көрсете біліңіз. Бала шынымен де қараңғыдан қорықса, оған қалай көмектесе алатындығыңызды сұраңыз. Қосулы тұрған білте шам жеткілікті ме әлде бөлменің немесе көрші бөлменің шамын қосып қою керек пе? Оның сұрауы бойынша жасаңыз. Егер сіз оған түсіністікпен қарасаңыз, оның қорқынышы көп ұзамай кетеді. Егер оның ерік-күшін қатайтамын деп, керісінше әрекет жасасаңыз, оның бұл үдерісін созып аласыз. Сондықтан балаға мейірімді болып, керек уақытта шам қосыңыз. 2. Жалғыздықтан қорқу Жалғыздық қорқынышының екі түрі бар: 1. Бала өзі ұйықтауға (немесе жалпы қандай да бір жерде өзі қалуға ) қорқады;
2. Оның көз алдынан жоғалып кетсеңіз (мысалы, жұмысқа кетсеңіз, дәретханаға кірсеңіз және т.б). Жалғыздық – жеткілікті түрде қорқынышты, себебі бала өзінің қасында қауіпсіздік кепілгері жоқ екендігін түсінеді де, оның бойын үрей алады. Бала үшін қауіпсіздік кепілгерлері – әке-шешесі, ата-әжесі. Бастысы, ол бала үшін маңызды екенін түсініңіз. Сондықтан, өзіңізден алшақтатуға тырыспаңыз. Мүмкіндік бар кезде бала сізбен болсын. Ол өзі бір күні жалығып, сізді босататын болады. Ол тек уақытша құбылыс.

3. Жәндіктерден қорқу Біздің мәдениетімізде қоңыз, өрмекші, тышқан, жылан сияқты жәндіктерге негативті қарайды. Бала кішкентайынан бастап ата-анасының бет-әлпетін, реакциясын зерттеп жүреді. Біз қоңыздың немесе өрмекшінің суретін көргендегі реакциямызды көріп, бейсаналы түрде біздің оларға деген қатынасымызды қағып алады. Сондықтан ол да қорқа бастайды. Егер баладан сондай қорқынышының бар екендігін байқасаңыз, ұйықтар алдында бөлмені жақсылап жинап, тексеріп шығыңыз. Бөлмеде қандай да бір жәндіктің болмауына көз жеткізіңіз. Ол да тексеріп, ештеңе жоқ екендігіне сенімді болсын. Олардың әдемі екендіктерін айтып, көндіруге тырыспаңыз. Бала бар бөлмеде оны ештеңе мазаламайтындығына көз жеткізіңіз.

4. Иттен қорқу Қандай ит болса да, бала олардан үнемі қорқады. Иттер балаларды өзінің күтпеген әрекетімен қорқытады. Үлкен иттер өзінің көлемімен шошытады, ал кішілері бір орында тұра алмай, секіре бергендіктен, бала одан не күтерін білмей қорқып тұрады. Егер көшеде келе жатқанда ит көрсеңіздер, бала одан қорықса, оны денеңізбен жауып, ит өтіп кеткенше күте тұрыңыз. Бұл ісіңізбен сіз баланы қауіптен (оның ойынша) қорғайсыз. Ал егер иті бар үйге қонаққа бара жатсаңыз, балаға онда ит бар екендігін айтып ескертіп қойыңыз. Балаға иттер туралы мейірімді видеолар мен фильмдер көрсетіңіз. Бірақ баланы итке жақындатып, ұстап көруін сұрап, таныстыруға асықпаңыз. Егер бала қаламаса, тек алыстан бақылай тұрсын. Иттің қожайыны "ол мейірімді, тістемейді" деп айтқанынан баланың қорқынышы жоғалып кетпейді. Керісінше, баланы қорғап жүріңіз. Өсе келе оның бұл қорқынышы өздігінен кетеді.
5. Ойлап табылған "бөжәй" Бұл қорқыныш – күлкілі естілгенмен, ол бала үшін қатты қорқынышты нәрсе. Оны көбінесе ата-анасы баланы қорқыту үшін ойлап табады. Ол құбыжық, полиция ағай, көрші апай және т.б болуы мүмкін. Одан қорқатын да, қорықпайтын да балалар болады. Алайда өте сезімтал балалар бар, олар осы сөзді естігеннен бастап, үйдің әр бұрышынан оның шығып қалу мүмкін екендігін ойлап қорқады. Ол өскесін балаға әсерін беруі әбден мүмкін. Сонымен қатар, өзіңіз сөйлегенде "мен...қорқамын" деген сөзді жиі қолданасыз ба? Балалар ата-анасының жағдайын (сенімсіздігін, уайымын, қайғысын) бірден қабылдайды. Бала бірдеңеден қорықса, ата-анасы не істемеу керек?
- Баланы "қорқақтығы" үшін жазаламаңыз. Бала сіздің оған деген махаббатыңызды жоғалтып алмас үшін өз қорқынышын іште жасырып жүрсе, оның жағдайы нашарлай түседі. Қорқыныштар іште қалып, күйінішке айналады. Одан кейін құтылу оңай болмайды.
- Серігіңізбен (ата-анаңызбен, басқа ересектермен) қатынасыңызды баланың көзінше шешпеңіз. Үйдегі мазасыз, жағымсыз жағдай бала психологиясына кері әсер етеді. Отбасыда қаншалықты махаббат аз болса, соншалықты қорқыныш көп болады.
- Баланы өз қорқынышын жеңуге мәжбүрлемеңіз. Мысалы, ол иттен қорықса, оны сипауын сұрамаңыз.
- Ұйықтар алдында қорқынышты фильм қарауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына кітап оқысын немесе мейірімді мультфильм қарасын.
- Баланың қорқыныш айтып, ұялтпаңыз және күлкіге қалдырмаңыз.
- "Ұлдар қорықпау керек", "Ұлдар жыламайды" деген сияқты сөздер айтпауға тырысыңыз. Ата-ана – бала үшін ең жақын және ең қымбат жандар, сондықтан бала олардан қолдау күтеді, қиын жағдайда қорғайтындығына сенімді болғысы келеді.


massaget.kz
10 қараша 2018 ж. 1 816 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 06:41
Cialis Levitra Sildenafil Propecia Buy Australia Kamagra Premature Ejaculation cialis without prescription Propecia No Arranca Novirax How Long Is Zithromax Good For

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031