Қаңғыбас "құтжол" қаптады
«Арс» еткен дауыс пен ырылдаған бұралқының бейнесі кімнің де болмасын зәресін алады. Оның үстіне соңғы кезде орын алып жатқан оқиғалар күдігімізді арттыруда. Иманы ұшқан жұрт тіпті баланы далаға жіберуге жүрексінеді. Иесіз иттер көпшіліктің құтын қашырып, бала тұрмақ, ересек адамның өзі жалғыз жүруге тайсақтауда. Қаңғыбас иттер неге қаптады? Әлде итке жаңа заңның «жылымығы» жаққан ба?
Бала күнімізде ауылда көршінің сұлу қызы болатын. Ол кезде жас шамасы 15-16 болса керек. Кешқұрым. Ойын қуған балалар әрі-бері доп қуалап әлек. Кенет арс еткен алабайдың өткір дауысы шықты. Қатар естілген әлгі қыздың ащы дауысы құдды көрші ауылға жеткендей еді. Біз де баламыз ғой. Жақындауға қорқып тұрмыз. Талап жатыр. Қолымызға түскен тас-кірпішті лақтырғанымызбен әлгі ит қыздан ажырай қоймады. Қыз тыпыршуын қойғанда ғана ит те кері шегінді. Үлкендер де келіп, азан-қазан болып ауыл шулап кетті. Абырой болғанда қыз аман. Тек өткір тіспен осқан беті терісіз қалыпты. Жұрт тамсанатын көркем жүзінен түк жоқ. Дәрігерлер бірнеше ота жасап, сандағы терісін бетіне салды. Содан бері үйінен шығуды қойған бойжеткен мектепке де бармай, үйден білім алды. Әр жылы өсіп, денесі үлкейген сайын ота жасап отырылуы керек екен. Арада бірнеше жыл өткенде сол қызды жолықтырдым. Бетінде бетпердесі бар, кекілін төмен түсіріп қойған. Жасы отыздан асса да әлі күнге дейін қоғаммен араласпапты. Ал иттің иесі сол уақытта-ақ жазасыз құтылған. Еміне деп берген азын-аулақ ақшасы қыз ғұмырына араша бола алсын ба?
Соңғы кездері орын алып жатқан жайттардан осы оқиға еске түсті. Таяуда Ақтөбеде 12 жастағы баланы бұралқы ит талап өлтірді. Оның алдында Алматы облысының Талғар ауданында баланы ит қапты. Баланың бетіндегі жараны тігуге тура келіпті. Денесінде қаншама жарақат бар. Ал жапа шеккен баланың жақындарына иттің қожайыны еміне деп 30 мың теңге қаражат беріп құтылмақшы болған. Алайда баланың ата-анасы қабаған ит иесінің жауапсыздығы үшін жазаның қатаң түрін қарап, пластикалық операция жасатуға ақша талап етті. Сәуірдің соңында ит талаған бала көбейген соң Атырауда ата-аналар наразылыққа шықты. Ақтөбедегі бала өлімінен кейін де тұрғындар жергілікті билікке қарсылық көрсетіп еді. Ата-аналар қаңғыған иттердің көзін жоюды талап етуде. Несін жасырайық, әкімдік өкілдері тұрғындар жағында екенін ескерткен. Айтуларынша, иттерді өлтіре салуға болады, бірақ жаңа заң рұқсат бермей тұрғаны қолбайлау.
Қызылордалық тұрғындар да шаһарда иесіз иттердің көбейгенін айтып дабыл қақты. Олар көліктерге абалап қана қоймай, адамдарға да жиі айбат шегетінін алға тартты. Қаладағы «СПМК» мөлтек ауданының тұрғыны немересінің қаңғыбас итке таланып, бір өлімнен аман қалғанын мәлімдеді. Айдың-күннің аманында қаңғыған иттің құрбанына айнала жаздаған немересінің жайын баяндап, қалада қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіне шыққанын айтты. Бұдан бөлек, анаубір жылдары Арал ауданында да 7 жасар баланы ит қауып, жарақат алған бала травмотологияға түскен еді. Қайсыбірін тізбектейміз. Айтылмай, жазылмай, тіркелмей жатқан оқиғалар қаншама?
Бізде де оңып тұрған жоқ. «Боданға барсаңыз қаңғыған иттің көптігі сонша өзіңді жеп қоярдай» деп ашынды аудан тұрғындары.
– Кенттегі түкпірлерден бөлек, көшеде қаңғыған иттер топтасып жүреді. Бұралқы иттердің қатарында төбелеске бейімдерін де көріп жүрміз. Ондай иттер адамға шапса, арты жақсылыққа апармайды. Сондықтан иелері иттерін қамап ұстауы керек. Ал иесіз иттерді аулау қажет. Өйткені алдын алу шаралары жүргізілмесе, мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғады, – дейді тұрғындар.
«Осыған жауапты кімдер? Неге бақыланбайды?» деген көптің көкейіндегі сауал бізді де алаңдатты. Дереу аудандық ветеринария бөлімімен байланыстық. Алайда жаңа заң иттердің көзін жоюға қолбайлау дейді мамандар. Қаңғыған итке «крыша» болған ол не деген заң дерсіз?
Былтыр жыл соңында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойылды. Заңды әзірлеген – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Осы заңға сәйкес қазір көшеде қаңғып, қоқыс жәшігін торуылдаған итті атуға болмайды. Атсаңыз да, аттырсаңыз да, заң алдында жауап беріп, айыппұл арқалайсыз. Қысқасы басыңыз бәлеге қалады.
– Әрине, жан-жануарды қорғау өте дұрыс. Дегенмен бүгінде тұрғындардың көңілі алаң. Жаңа заң қабылданды. Бізге жануарлардың көзін жоюға тыйым салынды, – дейді аудандық ветеренария бөлімінің басшысы Нұрлан Бисенбаев.
Қанша ашынып, даурықсақ та қаңғыған итке шара қолданылмаудың сыры осы. Бұрынғыдай көше-көшені аралап, кезген иттерді ата салу жоқ енді.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, жаңа заңға сәйкес, былтыр жыл соңынан бастап, қаңғыбас ит мысықтарды аулап, жою жұмыстары тоқтатылды. Қазір осы заңның 9-бабына сәйкес «үй жануарларын ұстау және серуендету» және «жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» қағидалары әзірленіп жатыр. Заң аясында әзірлеген үлгілік қағидалар бойынша ауланған жануарлар уақытша ұстау орындарына жеткізілуі тиіс. Облыста қазіргі таңда уақытша ұстау орындары жоқ. Алдағы уақытта бекітілген ережелерге сәйкес панажайлардың құрылысын салу мен басқа да жұмыстар заңда белгіленген тәртіп бойынша атқарылмақ. Қазіргі таңда қаңғыбас, қараусыз қалған иттердің есебін жүргізу, сондай-ақ олардан жұғатын аса қауіпті құтыру, эхинококкоз ауруларын алдын алу бойынша вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазір бұдан өзге ветеринарлар тарапынан қаңғыған итке қарсы дәрмен жоқ.
Жалпы соңғы жылдары өңірде қаңғыбас иттерден адамдардың зардап шегу фактісі жиілеп кеткен. Атап айтсақ, биыл аймақта 290 адам жануарлардан зардап шексе, оның 90 пайызы иесіз иттерге қатысты. Бұл жайында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мәлімдеп отыр. Басқарма тарапынан 2021 жылы облыс бойынша жануарлар мен адамдарға бірдей қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 24 мың 828 бас ит, мысықтар ауланып, көзі жойылған екен.
Сөз соңы
Итін бос жіберген иесі алабай-канденінен қауіп жоқ екенін алға тартып, «Ит – адамның досы» деген тәмсілді берік ұстанған-ау. Әйтпегенде кент көшелерінде қап-қара болып кезіп жүрген питбуль не овчарканы сіз де көрген боларсыз. Ондай «ерекше» иттердің тұмылдырық киіп жүруі керек емес пе еді? Бұрында болған «питбуль баланы жеп қойыпты» деген оқиға тағы қайталанбасына кім кепіл? Қаңғыған иттер ше? Атылмаса, ұсталмаса, уақытша ұсталатын орны болмаса, ендігі көшеде жүруден қалармыз, бәлки? Сонда да, осыны әлде де ескеріп, әлде де дұрыс шара қабылдануы керек. Бұл тек біздің емес, көптің жанайқайы.

Айнұр ӘЛИ