» » Хит болған ит

Хит болған ит

Мойнақ – күшік кезінен біздің үйдің мүшесіне айналған. Қыстыгүні күн суықта ауылдың «кіттәй кемпірі» дәлізге кіргізіп, баласындай баптайтын. Ол кезде баламыз ғой. Ит, мысық көрсек жүрегіміз елжіреп қасынан шықпаймыз. Солай үйдің «еркесі» сенімді серігімізге айналды.
Желтоқсан айы. Түнімен қар жауып, есік алдын түгел басқан. Таң әлдеқашан атса да дала тас қараңғы. Күнделікті мектепке шығарып салатын әкем бұл жолы төсектен тұра алмады. Қатты ауырса керек. Кешіккенімді біліп, ештеңеге қарамастан тысқа шықтым. Жарық дегенің атымен жоқ. Тек аппақ болған қалың қар. Оның өзі де бірлі-жарым жарығын түсіріп тұр. Кенет артқы жақтан қыртылдаған дауыс естілді. Тоқтасам, ол да тоқтайды. Жүрсем, ол да жүреді. Содан не керек, артқа қайырылмастан бар күшімді салып, жүгіре бастадым. Қалың қардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ол да қуып келеді. Қомша киімімді, кітап толы ауыр сөмкемді көтере алмай етбетімнен құладым. Жартылай қарға кіріп кеткем. Аяғым аспанға шығып тұр. Үнсізбін. Бастысы – қимылдамау керек. Артық қимыл – құдды өлімге апаратындай. Ентігіп жүгірген біреудің дауысы естілді. Демі де анық сезіліп тұр. Күбір-күбір сөйлеп қояды. Орта жастағы ер адам болса керек. Аяғымнан бас салып тарта жөнеліп еді, арғы жақтан иттің абалаған дауысы естілді. Ырылдаған күйі жүгіре келіп әлгінің аяғынан тістелей жөнелді. Ойбайға салған ол алды-артына қарамастан қашып кетті. Ал мен әлі қар астына құлаған күйі қозғалар емеспін. Не жыларымды, не күлерімді білмей, тапжылмастан жатырмын. Тіпті жақының келіп қамқор болғандай күй кештім. Манағы қардан шығып қалған аяғымнан ит патшағар түрткілей бастады. Қыңсылап, иіскелеп қояды. Жігерімді жинап сәл басымды көтеріп қарасам, үйдегі сары Мойнағым. Өзі жасына сай келмейді. Дәулігінен жұрт үркетін. Қасыма келіп, қолын созып «бестік бер» дейді ауық-ауық. Осы күннен бастап итім жаныма жақын болды. Сыртқа шықсам бірге шығып, келуімді асыға күтеді. Ауылда жалғыз көне автобус стансаға қатынайтын. Соның аялдамасында екі тіпті үш күнге дейін күтетін сәттері әлі есімде. Ал орталық алаңға концертке шықсам бірге жүреді. Қойылған әсем әуенге ортаға шығып мың бұрала тербелетін. Солай көрші-көлем, ауыл жұрты Мойнақты аузынан тастамай, көп тірлікте көмек беретінін айтып жүрді.
Бірде қалаға апталап қыдырып кеттік. Үйде адам баласы қалмаған. Мойнақты көршімізге тапсырып, уақытылы тамағын беруді өтіндік. Автобусқа дейін шығарып салды. Терезеден қарасам, көзінен мөлтілдей жас ағып тұр. Іштей күлімдеп, келеміз ғой дедім. Демалыс күндер сырғи өтіп, ауылға келдік. Аялдамада күтіп отыратын Мойнақ көрінбейді. Үйде шығар дестік. Бардық. Онда да жоқ. Көршіден сұрап едік, «келмегеніне 3 күн болды, бір жерде жүрген шығар» деді. Күттік. Тағат таусылып барады. Кенет көрші құрбым жүгіріп келді. Демін баса алмастан «Анда жатыр, анда, анда» дей берді ол. Дымға түсінбей ізінен еріп сыртқа шықтық. Сөйтсек үй артындағы арық ішінде Мойнақтың өлі денесі жатыр. Әбден қорланған. Біреу әдейі істесе керек. Сол кезде ең жақыныңды жоғалтқандай күй кешіп, ішер астан бас тарттық. Алысқа апарып, көміп, көз жасымызды тыя алмай келеміз. Оның қауіптен құтқарғаны, мұңайсаң мұңайып, қуансаң бірге қуанатын сәттері алдымнан кадрдай зырғи берді, зырғи берді...
...Бұл күні мектептен ерте қайттым. Үйге келсем әжем алдымнан қуанып шықты. Қолында сап-сары күшігі бар. «Атын Мойнақ қой. Жақында күшіктепті. Ести сала алып келдім» деді әжем. Расымен, сарылығы өзімнің итіме қатты ұқсас. Қылығы, жүгіргені бәрі-бәрі. Солай жанымыз жұбаныш тапқандай болды. Уақыт емдеп, тек жақсы естелікпен өмір өте берді.
Түйін
Иә, Мойнақтың сол кезде жалғыз маған емес, ауылдағы Қартаңбай қартқа, Әлима әжеге, көршінің қызы Мәдинаға да демеу болғанын естідік. Қауіптен құтқарып, талай ұрының жолын бөгепті. Солай күшік кезінен қамқорлықпен өскен ит ауыл ішінде хитке айналды. Әлі күнге дейін жұртшылық ауызында айтылып жүр.
Айнұр ӘЛИ
31 желтоқсан 2020 ж. 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031