» » » Бейіт басындағы жанталас (жолсапар очеркі)

Бейіт басындағы жанталас (жолсапар очеркі)


– Аға, қайда тоқтайын? – деген көлік жүргізушінің даусы естілді.
– Қорымның мына қапталына тоқта, – деген бұйрықтан соң ретімізбен көліктен түстік.
– Келмегеніме біраз болды. Осы маңайда секілді еді. Жүр іздеп көрейік, – деді Әнуар аға.
Расымен, бейіт болған соң еркін жүру мүмкін емес. Шеңгел, сексеуіл. Одан қалды әр жерде төмпешік. Бергі жағынан іздеген бейітті таппаған соң арғы жағына өтуге тура келді.
– Мына жаққа беттейік, – деген ағаның сөзіне елең ете бергенім сол еді қас-қағым сәтте көз алдымнан ғайып болды. Қай жағына кеткенін аңғармай, ілестен қалып қойдым. Иә, мен және бейіттер. Тыныштық. Саңқылдаған құстан өзгенің даусы естілмейді. Босқа тұрғаннан болмас. Ағаны таба жатармын, бастысы бейітті іздейін деген оймен қорымның ортасына да келіппін. Аяқ-қол дегенің шеңгелге сырылған. Әр қадамды басқан сайын ауызға кәлима мен «піссімілләдан» өзгесі келмейді. Сол қапталдан қытыр еткен дыбыс шықты. Бір орында шұқшиып тұрып қалдым. Әрі-бері қарағаныммен жан баласы көрінбейді. Естілген ғой деген оймен іздеуді жалғастыра бердім. Бұл жолы артқы жақтан естілді. «Апыр-ау, бұл не болды екен» деген ішкі күбір. Адасқандаймын. Ағаны шақырып айқайлауға тағы болмайды. Келген жағыма қарасам сексеуіл мен шеңгелден өзге жол көрінбейді. Бар күшімді жидым да сықыр естілген жаққа беттей жөнелдім. «Не болса ол болсын» деген батырлық құдды жол сілтеп тұрғандай. Қай жақтан дыбыс естіледі, сол жаққа жүремін. Қай жақтан сықырлайды сол жаққа бұрыла кетемін. Солай бір сағат көлемінде әупірімдеп қорымнан тысқа шықтым. Қорқыныштан жүректің дүрсілі өз орнынан атып шығардай. Әлі де «пісміллә» деп тілмен айтпасам да ойыммен бұрағытып тұрмын. Ал Әнуар аға әлі жоқ...
Айнұр Әли
(Толығырақ газеттің ертеңгі санынан оқи аласыз)
24 тамыз 2020 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031