» » ЕСІК ҚАҚҚАН ЕЛЕСТЕР

ЕСІК ҚАҚҚАН ЕЛЕСТЕР

Ол кезде небәрі 12 жастамын. Ауылдың шет жағында тұратын ағамның үйіне қыдырып бардық. Үлкендер тойға кеткен. Тек балалар ғана. Үлкенінің өзі – 17-ден енді асқан. Өзіңіз білетіндей ауылда жарық болмайды. Әсіресе кешке өшіп, сабақты білте шамның жарығымен оқитынбыз. Содан не керек, тағы да жарық өшті. Үйдегі майдалары у-шу. Бір бөлмеге отырып алғанбыз. Қап-қараңғы. Тек шамның жарығы ғана айналаны әлсін-әлсін жарықтандырып тұр.
Үй – моланың тура жанында орналасқан. Жылан, шаян дегеннің отаны. Сағат тілі түңгі 23.00-ді көрсетіп тұр. Тарс-тарс еткен дауыс қатты естілді. Арамыздағы үлкені терезеге жақындап, перденің түбінен жасырына қарады. Ешкім жоқ. Бірер минуттан соң тағы тарсыл. Зәре-құтымыз қашқан біз жабыла есік жаққа жүгірдік. Терезеден, есіктен алма-кезек тарсыл-тырсыл қағып әлек. Болмаған соң ерік-жігерді жиып алып, терезеге беттедік. Пердені түрсек аппақ киім кигендер. Топырлай шарбақты кезіп жүр. Айқайлай қашқан біз жасырынатын жер таппай әлекпіз. Бір сағаттан соң үйдің үлкендері де келді. Болған оқиғаны айтсақ сенер емес. Қазір ойлап қарасам тылсымның бары рас екеніне көзім анық жетеді. Түнде ойыннан қатты шуласақ керек, орынсыз күлкі, айқай. Бәлки, мазардағы әруақтарды мазалаған болармыз. Сіз қалай ойлайсыз?

АЯ.
02 сәуір 2019 ж. 2 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031