ИСЛАМ ӘЛЕМІ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚ МҰРАСЫ
Жақында Ташкент қаласында өткен Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) Мәдени мұра комитетінің 13-сессиясы Қазақстан үшін маңызды жаңалықпен түйінделді. Жиын барысында мүше мемлекет терден түскен 100-ден астам өтінім қаралып, соның ішінде Қазақстан ұсынған екі бірдей номинация – «Ою-өрнек» және «Қармақшы жыраулары» Ислам әлемі мұралары тізіміне ресми түрде енгізілді.
Бұл шешім – ұлттық құндылықтарымыздың халықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі. Әсіресе, қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолданбалы өнерінің ажырамас бөлігі санала тын «Ою-өрнектің» тізімге енуі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік талғамы мен дүниетанымының жоғары бағаланғанын білдіреді. Ою өрнек тек әсемдік үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі емес, ол – ұлттың болмысын, тарихын, наным-сенімін, табиғатпен үндестігін бейнелейтін рухани код. Киіз үй жабдықтарынан бастап зергерлік бұйымдар мен ұлттық киім үлгілеріне дейінгі тұрмыстық заттардың барлығында ою-өрнектің терең мәні мен символдық сипаты сақталған.
Ал «Қармақшы жыраулары» номинациясының қабылдануы – Сыр өңіріндегі жыраулық дәстүрдің өміршеңдігін әлемдік деңгейде мойындатқан маңызды қадам. Бұл мектеп – ауызша поэзия мен музыкалық мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан бірегей өнер ортасы. Қармақшы топырағынан шыққан жыраулар ел тарихын, батырлық эпостарды, рухани философиялық толғаныстарды жыр арқылы наси хаттап, ұлттық сананың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Жыраулық дәстүр – тек өнер емес, ол – халық тың жады мен рухани шежіресі.
Қабылданған шешім Қазақстанның Ислам әлемінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді. Соңғы жылдары ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде танытуға ерекше назар аудары лып келеді. Мұндай бастамалар мәдени дипломатияны нығайтып қана қоймай, елдің тарихи-рухани әлеуетін әлем жұртшылығына кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін, 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің зияткерлік мұрасының жарқын үлгісі – дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны да енген болатын. Бұл зияткерлік ойын – логикалық ой лау мен стратегиялық пайымды дамытатын, ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұра.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
















