» » Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ислам әлемінің мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық ою-өрнекті беделді тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Қуанышты хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.
«Ою-өрнек мәдени бірегейлігіміз бен тарихи сабақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код. Оның ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам саналады», деді Ерлан Қарин.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны енгізілген еді. Бұл үрдіс Қазақстанның бай рухани мұрасын әлемге танытудағы жүйелі жұмыстың жалғасы екенін аңғартады.
Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, еліміздің мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.
13 ақпан 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930