» » Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады – Қарин

Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады – Қарин

Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Президент ел Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды . Бұл - Мемлекет басшысының айрықша саяси маңызы бар маңызды шешімі. Конституциялық реформа жөніндегі референдум бұл - президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар биліктік өкілеттіктерді қайта бөлуді, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерді күшейтуді қамтиды», - деді Ерлан Қарин. Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың сұранысы мен ұсынысына негізделген. «Бұл жолғы Қазақстандағы референдумның ерекшелігі Президент өзінің өкілеттігін кеңейту үшін емес, керісінше биліктің басқа институттарымен оны қайта бөлісуге бастамашылық жасауында. Осылайша, конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші Республикаға – мемлекет пен қоғам өзара қарым қатынасына жаңа, барынша тиімді әрі теңгерімді моделіне құқықтық негіз қалыптастырады», - деді Ерлан Қарин.
06 мамыр 2022 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031