» » Қазақстан жаңа саяси мәдениетті енгізудің жаңа моделіне көшеді – ҚР Президенті

Қазақстан жаңа саяси мәдениетті енгізудің жаңа моделіне көшеді – ҚР Президенті

 Конституцияға өзгеріс енгізу Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Конституцияға өзгеріс Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін керек екенін айтты.
«Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды, – деді Президент.
Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және Жұмыс тобының мүшелері қатысты.




23 сәуір 2022 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031