» » Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

Фото: Ақорда
Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, – деді ол.
Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.
-Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, – деді Ерлан Қарин.
20 қаңтар 2026 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930