» » Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысқан – Мемлекеттік хатшы

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысқан – Мемлекеттік хатшы

Арнайы қызмет өкілдері Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйым мүшелерінің қатысқанын анықтады. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. 

Ерлан Қарин
Ерлан Қариннің сөзінше, желтоқсанның 20-нан бастап Қазақстанға шетел азаматтары келе бастаған. Ал 7-8 қаңтарда олар түрлі бағытта елден кетуге тырысқан. 
"Біздің арнайы қызмет өкілдері ел аумағында әрекет еткен бірнеше радикалды және экстремистік ұйым мүшелерінің қатысқанын анықтады. Шетелдік террористік ұйым құрамында болған қазақстандық лаңкестер шабуыл жасау үшін оқиға деректерін пайдаланбақ болған. Алайда біздің арнайы қызмет өкілдері мұның алдын алды", - деді мемлекеттік хатшы. 
Мемлекеттік хатшының сөзінше, сот эсктремистік деп таныған ұйымдардың бірі Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде арандатушылықпен айналысқан. 
"Сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі тәртіпсіздіктер кезінде арандатушылықпен айналысып, әкімшілік ғимараттарды басып алу сынды әрекеттерге шақырған", - деп мәлімдеді Қарин.
Қарин дәл осы ұйымның чаты арқылы нақты бұйрық пен әкімшілік ғимараттарды басып алу, жолды жабуға қатысты нұсқаулар берілгенін айтты.
Мемлекеттік хатшы қоғамға радикалды идеологияны енгізуге тырысып жатқанын да қосып өтті. 
"Біздің қоғамға радикалды идеологияны енгізуге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан ортақ мақсатымыз – осы тектес радикалды идеологияының таралуын тоқтату. Біз зорлық-зомбылық әрекетін дәріптейтін көзқарастармен күресуіміз керек", - деді Ерлан Қарин.
19 қаңтар 2022 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031