» » Діни алауыздық қайткенде сейіледі?

Діни алауыздық қайткенде сейіледі?

Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – діни экстремизм. Міне, бүгінде өздерінің кері пиғылды істерімен елді дүрліктіріп жүрген жат ағымдардан арылу мақсатында елімізде түрлі іс шаралар өткізілуде. Соның бірі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулет пен дінтанушы Жалғасбек Ысқақов, ауыл-аймақты аралап, жұртшылықпен кездесу өткізуде. Өткен аптада бұл игі шара Иіркөл ауылында жалғасты.
Жиынға ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Тұрғындар арасында – діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен жиында дінтанушы Жалғасбек Ысқақов діни экстремизммен күресудің жолын айтып, олар мен қарапайым адамның ерекшелігіне тоқталып өтті.
– Бұл қасіретті халық болып күрессек қана бетін қайтарамыз. Өскелең ұрпақ сенгіш. Әсіресе, жазғы демалыста тынығу лагерьге, оқуға түсуге барған балалардан абай болу қажет. Сондай-ақ, террористік актілерді ұйымдастырушылар әлеуметтік желіні қолдана отырып, лаңкестік әрекет жасауға үгіттеуде. Жат ағым насихаттаушылары жайында мәлімет беріп, жастарды радикалданудан сақтауда қолда бар мүмкіндігімізді дұрыс пайдалансақ, бұл дерт те сейілер еді, – деді дінтанушы Ж.Ысқақов.
Ол сонымен қатар дін тақырыбындағы керағар қайшылыққа толы көзқарастар мен ұстанымдардың қайдан және қандай жағдайда туындап жатқанын, радикалдарға қарсы Ханафи мазхабының орынды дәлелдері мен орнықты пікірлерін келтіріп өтті. Теолог маманның айтуынша, жат ағымның етегінен ұстаған жастардың бармақ тістеп қалғаны баршылық. Ауданның өзінде 15 шақты адам тіркелген. Ал белгісіздері қаншама. Расымен де, дінін білмеген бала «дымды» білмейді.
Әртүрлі теріс ағымды насихаттайтын экстремистік ұйымдар халықтың санасын улап жатыр. Ақ-қарасын ажырата алмаған азаматтар әлі де адасып жүр. Осал тұсты ұтымды пайдаланған эмиссарлар әдетте содыр-террористерді, экстремистік бағыттағы идеялармен сусындайтын жасырын діни ұйымдарды іздестіреді. Бұл ретте, экстремистік ағымдармен күрес, оның алдын алу мақсатында жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстары арқасында нәтижелі болмақ.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 шілде 2018 ж. 2 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031