Құрылтай
» » Қазақстанның бірнеше аймағында антитеррорлық операциялар жалғасады - Мемлекеттік хатшы

Қазақстанның бірнеше аймағында антитеррорлық операциялар жалғасады - Мемлекеттік хатшы

Төтенше жағдай режимі алынғанына қарамастан, еліміздің бірнеше аумағында антитеррорлық операциялар жалғасады. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. 

Ерлан Карин
"Төтенше жағдай режимінің алынатынына қарамастан антитеррорлық режим кей аймақтарда жалғасады. Сонымен қатар антитеррорлық операциялар режимі жоғарғы деңгейде", –  деді Ерлан Қарин. 
Оның сөзінше, құқық қорғау органдары жағдайды қалпына келтірумен қатар ақпараттық шабуылға тойтарыс беруге мәжбүр.
"Алғашқы күндерден бастап ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Бұл – жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтар ағымы. Олар әлі де жалғасуда. Құқық қорғау органдары тәртіпті қалпына келтіріп қана қоймай, айтып өткен ақпараттық шабуылдарға да тойтарыс беруде", – деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы. 
Ол ақпараттық шабуылдардың ішкі және сыртқы көздерден келетінін қосып өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғанын да айтты. 
19 қаңтар 2022 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 651
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31