» » Қонақ шақырып, ауызашар берген екі азамат қамауға алынды

Қонақ шақырып, ауызашар берген екі азамат қамауға алынды

Шымкентте өз үйлерінде ауызашар берген екі азамат қамауға алынды. Екі құқық бұзушы да төтенше жағдай режимі кезінде енгізілген шектеулерге қарамастан үйлеріне 3 адамнан артық адамды жинап, дастархан жайған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Төтенше жағдай режимін бұзған Г. мен А.-ға қатысты әкімшілік іс сотта қаралды. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен сот процесі «Skype» мобильді байланыс жүйесін қолдану арқылы жүргізілді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. мен А. 3 күнге қамауға алынатын болды.

"Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, Шымкент қаласының аумағында жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, т.б) 3 адамнан артық жиындарға тыйым салынсын делінген.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, сот қаулыларымен Г. және А. тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы 6-тармағымен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға осы баппен 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы әкімшілік жаза тағайындалды", - деп мәлімдеді Шымкент қалалықсотының баспасөз қызметі.


Айта кету керек, сот қаулылары заңды күшіне енбеген.


30 сәуір 2020 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 131

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930