» » Ауғанстанда мешітте террорист өз-өзін жарды: 100-ден аса адам қайтыс болды

Ауғанстанда мешітте террорист өз-өзін жарды: 100-ден аса адам қайтыс болды

Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы шейіттік бағыттағы мешітінде жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапты, жүздеген адам жарақат алды. Террорлық шабуыл 8 қазан, жұма күні түстен кейін болды, деп хабарлайды Sputnik Ауғанстан телеграм-арнасы.


Өлгендер мен зардап шеккендердің барлығы мешітке келушілер екендігі атап өтілді. Террористер жұма намазындағы ғибадатханада адамдардың ең көп саны жиналатын күнді арнайы таңдаған. 
"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Құндыз провинциясындағы жарылысты айыптап, кінәлілерді жазалауға уәде берді.
"Ислам әмірі бұл қорқынышты әрекетті айтыптап, осы ауыр қылмыс үшін кінәлілерді табуға және жазалауға уәде береді", – деп жазды Талибанның ресми өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де. Оның айтуынша, жарылыс орнына арнайы жасақ келіп, тергеу жүріп жатыр.
Бұл шабуылды БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те айыптады.
"Бас хатшы бұл варварлық шабуылды айыптайды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады", – деді Бас хатшының өкілі Стефан Дужаррик.
"Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан" террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік тобының бөлігі) жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Aamaj News.
Террористер өзін-өзі өлтірген қылмыскердің есімі Мұхаммед әл-Уйгури болғанын айтты.
10 қазан 2021 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930