» » Нигерияда жанкештілер шабуылынан 27 адам қаза тапты

Нигерияда жанкештілер шабуылынан 27 адам қаза тапты

Нигерияның Муби қаласында лаңкестік шабуыл жасалып, 27 адам қаза тапты. Тағы 56-сы жараланған. Соңғы мәліметтерге қарағанда қастандықты екі жанкешті жасаған. Алғашқы жарылыс шаһардағы мешітте болды. Іле шала шамамен екі жүз метрдей жерде екінші жанкешті өзін жарып жіберген. Жергілікті арналардың хабарлауынша, жараланғандардың арасында ауыр халде жатқандар бар. Сондықтан марқұмдар саны әлі де артуы мүмкін. Қазір жапа шеккендердің барлығы  жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойындаған жоқ. Айта кетейік, 26 сәуіркүні осы елдегі Майдугури қаласында жарылыстан 4 адам ажал құшқан еді. Ол кезде террорлық шабуылды «Боко Харам» лаңкестік тобы мойнына алды. Радикалды ұйым 2009 жылдан бері Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте әрекет етеді. Олар батыстық білім беру жүйесіне қарсы шығып, аймақта шариғат ережелерімен жүретін мемлекет құруды көздейді.


02 мамыр 2018 ж. 1 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728