Құрылтай
» » Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді

Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп жазады Ақорда.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады.
Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.
Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.
12 қаңтар 2026 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31