Құрылтай
» » V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылғанын мәлім етті.

Ерлан Қарин кеше биылғы құрылтайдың 4 секциясы өз отырыстарын өткізгенін атап өтті. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 200-ден астам ұсыныс айтылған.

Оның сөзінше, былтырғы Бурабайдағы құрылтай өңірлерді дамытуға серпін берген.

- Былтыр аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың басты міндеті – халықты негізгі инфрақұрылымдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалды. Мұның бәрі бір жылда атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жалпы Бурабайда айтылған бастамалар мен ұсыныстар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оларды тиімді іске асыру үшін құрылтай мүшелері секцияларда, жұмыс кездесулерінде түрлі талқылау өткізді, - деді Мемлекеттік кеңесші.

kaz.inform.kz
20 қаңтар 2026 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31