» » ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕГІ ЖӘНЕ «ҚАРМАҚШЫ ЖЫРАУЛАРЫ» ИСЛАМ ӘЛЕМІ МҰРАЛАРЫ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕГІ ЖӘНЕ «ҚАРМАҚШЫ ЖЫРАУЛАРЫ» ИСЛАМ ӘЛЕМІ МҰРАЛАРЫ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ


2026 жылғы 9–13 ақпан аралығында Ташкент қаласында Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы ИСЕСКО-ның Мәдени мұра комитетінің 13-сессиясы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Жиын барысында мүше мемлекеттерден түскен 100-ден астам өтінім қаралып, Қазақстан ұсынған екі номинация «Ою-өрнек» және «Қармақшы жыраулары» – Ислам әлемі мұралары тізіміне енді.

«Ою-өрнек» – қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерінің үлгісі. Ал «Қармақшы жыраулары» – Сыр өңіріндегі ауызша поэзия мен музыкалық мұра дәстүрлерін сақтап келген жыраулық өнер мектебі. Қабылданған шешім Қазақстанның Ислам әлемінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу ісіне қосқан үлесін тағы бір мәрте айғақтайды.

Аталған номинациялардың халықаралық тізімге енуі оларды одан әрі қорғауға, ғылыми тұрғыда зерделеуге және халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын.

Маңғыстауда өңірдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыратын көрме ашылды.

KAZINFORM

15 ақпан 2026 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930