» » Аудандық мәдениет саласы

Аудандық мәдениет саласы

Мәдениет саласы: «Сыр елі – жыр елі» дегенде, тұтастай Тұран мәдениетін, бүкіл түркі халықтарының өнері мен әдебиетін және көне сарын дәстүрін, Қорқыт бабамыздан қалған мәдени мұраларымызға мұрагерлік ететін Қармақшы топырағының жыраулары болып табылатындығын айта кету қажет. Қазақстанның бастамашылығымен «Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен енгізілген құжат Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луисте өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 13-үкіметаралық отырысында мақұлданып, тиісті шешім қабылданды. Атқарылған игі шаралар түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата бабамызды бүкіл әлемге танытудағы тағы бір қадам деп білеміз. Осы байлығымызды сақтап, одан әрі дамытуда, мәдениет объектілерінің құрылысын жүргізу, оның материалды-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстар атқарылуда. Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс істейді. Аудан бойынша мәдениет саласында жыл басынан бері 1510 мәдени шара өтті. Қазіргі таңда ортағасырлық Сортөбе І қалашығында және ежелгі Бәбіш мола қалашығына Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштер қорғау мекемесінің және Қызылорда қаласының Қорқыт ата университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
16 қаңтар 2019 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930