» » Қорқор тартқан «қор» боларын біле ме?

Қорқор тартқан «қор» боларын біле ме?

Қандай да бір мейрамханаға бас сұға қалсаңыз кальян шегіп «кәйп» боп отқандардан көз сүрінеді. Аттың құлағында ойнайтын жігіттеріміз түтінмен алысса, биязы қорлан қыздарымыз қор болып отырғанынан бейхабар. Тек «понт» болса болғаны. Алайда, сол арзан дүниенің денсаулыққа берер зардабын білеміз бе?
Ең алғаш қорқор Үндістанда пайда болып, содан кейін бүкіл мұсылман еліне тараған деседі. Ол XIX ғасырда Еуропаға танымал болып, сәнге айналды. Әр халықтың қалауы бойынша оны әр түрлі атайды екен. Мәселен, Албанияда – «лула», Румынияда – «трубка», Өзбекстанда – «чиллим». Бірақ, оныңи баршаға мәлім ортақ атауы – «кальян». Қорқорды көбіне, шетелден сувинир ретінде алып келеді. Бірақ, оны көрген адам өз-өзін ұстай алмай қалады. Міне, олар осылай алданып оған тәуелді болады-мыс. Ал біздің елге оның қашан келгенін айту қиын. Десе де, Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” романында: “Бұл қалада бәрі әдеттегідей, анау бөдене соғыстарған топ та, әне анау қорқор тартып, геджак тыңдап отырған мырзалар да… Бәрі де күндегі салтында” – делінген.
Темекі шегудің экзотикалық түрі кальянның атауы бүгінде танымал. Себеп қандай? Көбі кальянның темекіден гөрі зияны аз деп ойлайды. Оның түтіні қалың, әдемі болып шыққаны соншалықты ерекше романтикалық, шығыс атмосферасын қалыптастырады. Бәзбіреулер қорқордың сыртындағы "никотині жоқ" деген жазуына сенеді. Бұл қате тұжырым. Шынында, мұның маркетингтік айла екенін білмейді. Ғалымдар мен дәрігерлер кальянның зияны жайлы айтып, дабыл қағуда. Тек көретін көз, еститін құлақтың жоқтығы.
Мамандардың пайымынша, бір сағат қорқор тарту – жүз тал темекі шегумен тең екен. Ал, “қорқоршылардың” күніне қанша сағат тартатынын кім білсін? Олардың басым бөлігі қорқордың адам денсаулығына келтірер зияны жоқ деп ойлайды. Білгендерінің өзі де біле тұра шегетінін қайтерсің? Шындығында, табактың қандай түрі болмасын, олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін адамға 20-60 минут қорқор тартуға тура келеді екен. Оны тарту кезінде көп күш жұмсалады. Соның салдарынан, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді. Әрі мүштек (мундштук) деген бар ғой. Сол сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Ол гигиеналық тұрғыдан зиян болғандықтан, сілекей бездері арқылы таралатын гепатит, туберкулез, герпес сияқты аурулардың жұғуына алып келеді.
Кальянды орташа есеппен бірнеше сағат тартқандықтан, өкпеден 150 темекіден болатын түтін өтеді екен.
Оның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металл тұзы мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта бес қорап темекідегідей болады. Егер кальянды жабық бөлмелерде шексе, оның түтіні гипоксияны тудырады. Бұл дегеніңіз ауа жеткіліксіздігі дегеніміз. Қорқоршыларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде өкпе қатерлі ісігіне шалдығатындардың саны әлдеқайда көп екені де айтылуда.
Кейбір мейрамханада шотың жеткілікті болса кальянды сыйға тарта салатыны тағы бар. Студенттер, жастар, тіпті оқушылар қыдырыстарына кальян араластыруды сәнге айналдырған. Ол кез келген қыдырыстың, демалыстың сәніне айналды десек артық айтқандық емесКезекті қызығушылық, қоғамның кері әсері. 2000 теңгелік арзан дүниенің басты байлыққа әкелер қаупін біле тұра бас тартпайтынын қайтерсіз? Сән сәнімен, алайда денсаулық керек, денсаулық.
Айнұр ӘЛИ
08 қаңтар 2023 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 372

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 452

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930