» » ҚАЗАҚСТАНДА КАЛЬЯН ШЕГУГЕ «ТЫЙЫМ САЛЫНСА», 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОРЫН ЖАБЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КАЛЬЯН ШЕГУГЕ «ТЫЙЫМ САЛЫНСА», 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОРЫН ЖАБЫЛАДЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Қазақстанда  «Ұлт саулығы» туралы заңнамаға байланысты ресто-барларда ашық түрде кальян шегуге тыйым салынса, 5 мыңға жуық кәсіпкер табыс көзін жабуға мәжбүр болады.

Елордада жаңа заңнамалық норманың «оңы мен солын» талқылау үшін ресторатор кәсіпкерлер мен әуежай өкілдері, ресейлік мамандар мен РВ мемдумасының депутаты және тағы басқа тұлғалар баспасөз конференциясын өткізді.
Қазір кальянға деген сұраныстың жоғары екенін осы салада кәсібін дөңгелетіп жүрген Елена Пактың сөзінен білдік. Айтуынша, демалыс күндері кальян шегетіндерден 1,5 млн теңге табыс түседі екен.
«Ұлт саулығына қатысты айтар болсақ, бізде Н-бақылау бар. Жасы 21-ге толмаған қыздар мен 27-ге толмаған жігіттерді кіргізбейміз. Одан асқан жастағылар темекі шегу не шекпеуді өздері қадағалай алады. Біздің ғимаратта темекі шегуге арнайы орын әзірледік. Оған аз ақша жұмсамадық. Жай вентиляциясы мен басқа шығындарының өзіне 2 млн теңгедей ақша кетті. Сондай-ақ, демалыс күндері кальяннан түсетін ақшаның сомасы үлкен. 1,5 млн теңгеге дейін жетеді. Өз жағымыздан біз ұлт саулығына байланысты заңнаманы орындадық – шылым шегетіндердің зонасын бөлдік. Ал енді кальянға қатысты тыйым салынса, онда шығынға белшемізден батамыз», - деді ресторатор-кәсіпкер Елена Пак.
Сондай-ақ, кальян шегу орындарына қатысты заң нормасы енгізілсе, онда Қазақстанда 5 мыңға жуық мекеме жабылып қалады. Жұмыссыздық деңгейі өседі. Кәсіпкерлер шамаман 700 млн долларға жуық табыстан айырылып, мемлекет 20-30 млн доллар салықтан қағылады.
Бұған дейін, қазір Қазақстан халқының 30% темекі тартатынын хабарлаған едік. Ал қоғамдық орындарда темекі шегу үшін арнайы зона дайындауға 3 млн теңгедей ақша керек.
 
Фото: дереккөз
baq.kz

26 сәуір 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031