» » Ақылды алаяқтар

Ақылды алаяқтар

Ақылды алаяқтар
Адамнан айла артылған ба? Заңдардан ауытқымай жүйеден кемшіліктерді табу – бұл тек қылмыскерлердің ғана ісі емес. Әлемдегі кейбір адамдар стандарттан тыс ойлануының арқасында пайдаға кенеліп жатады. Мұндай әңгімелер әрқашан Голливуд сценарийлерінің әйгілі шығармаларында ғана емес, өмірде де болып жатады. Осы жазбамызда ережелер бойынша түрлі қызметтерді тегін пайдаланған ақылды алаяқтар туралы айтамыз.
1. Бір жылға тегін VIP қызмет
Қытайлық Квонг Иф Йи По бір жыл бойы ешқайда ұшпаса да, VIP-тегі тегін қызметті пайдаланып келген. Әуежай бизнес-класс клиенттері үшін бірқатар қолайлы қызметтерді ұсынған. Ал, бұл қызметтер билет құны ішіне кіргізілген. Бұл қызметтер ішіне ұшудан бұрын VIP аумағына келіп ол жердегі бар, мейрамхана, демалу орнын пайдалану кірген, бұлардың бәрін пайдалану тегін еді.
Квонг Иф “China Eastern Airlines” ұшағына күнде билет сатып алып, бірақ ұшудан бас тартып билетті қайта өткізіп тастайтын болған. Юшу Ксиань әуежайында ол билет сатып алғаны үшін VIP-клуб мүшесі ретінде тіркеуден өтіп, күн сайын тегін түскі ас ішіп, осыдан соң билетті өткізіп үйіне қайтатын болған. Әуежай әкімшілігі оның бұл алаяқтығын тек бір жылдан соң, билетті 300 рет қайтара өткізген соң білген екен.
2. Жалдамалы мамандардың еңбегі
Америкалық компанияның қауіпсіздік бөлімінің маманы компаниядағы бір қызметкердің интернетте видиоларды іздеу бойынша компанияға қатысы жоқ  “Reddit” пен  “eBay” сайттарына өте көп кіретінін анықтаған. Тексеру кезінде мәлім болғандай компанияның бұл қызметкері өзіне жүктелген тапсырмаларды интернет арқылы қытайлық мамандарға істетіп есесіне айлығының 5/1 бөлігін беріп отырғаны анықталған.
3. Темекі шегудің жолы
2007 жылы АҚШ-тың Миннесота штатындағы барларда темекі шегуге тиым салу заңы өз күшіне енеді. Қыста ешқандай клиент сыртқа шығып темекі шекпейтін. Осының салдарынан бар иелері табыстан құр қалып жатады. Бірақ, кәсіпкерлер бұл заңды айналып өту жолын табады. Заңға сәйкес егер актер роль ойнап жатып сценарий бойынша темекі шегетін болса көрермендер де темекі тартуына болатын. Заңда актер кәсіби болу-болмауы айтылмағаны себепті “Barnacle” барының иелері күн сайын кешкі театр көрінісін ұйымдастырады. Ол бойынша барлық даяшылар да келуші қонақтар да актер сияқты рольге кіріп, нәтижесінде бардан шықпай-ақ темекі шегу құқығына ие болады.
4. Ақысыз ұшу
1999 жылы америкалық инженер Дэвид Филлипс десерт өнімдерін шығарушы компания мен жаңадан ашылған әуекомпаниялардың бірлескен жарнамасын оқып қалады. Жарнамада пудинг құтыларындағы промо кодтың 10 данасын жинаған адамға 1000 миль тегін ұшуға болатыны айтылған. Есептеп көрген Дэвид тегін ұшуға болатынын біліп алады. Ол 3140 долларға 12150 құты пудинг сатып алып, промо кодтарды жинап 25 мың долларлық билетті тегін алады. Нәтижесінде ол осылай 3 жыл бойы аспанда тегін саяхаттаған.
5. Жүзуші үйлер
ХХ ғасыр басында Сиэтл қаласындағы азаматтың бірі заң бойынша қайық, сал және осыған ұқсас суда жүзетін заттарға салық төлемеуге болатынын біліп қалады. Ол су үстіне үй тұрғызса салық төлемейтінін ойлап, үлкен сал үстіне үй салып алады. Тез арада жер сатып ала алмағандар қайық пен салдарды жасай бастайды. Осылай қала маңындағы Вшингтон көлі жүзіп жүретін үйлерге толып кетеді. Осының салдарынан көл ластана бастағаны себепті үкімет бұл жағдайды ескеріп, көлдегі үйлерге де салық төлейтіндей етіп, су үстіне үй тұрғызуға тыйым салады.
10 шілде 2018 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031