» » Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі

Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі


Шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия аясында негізгі қарызды төлеген шағын және орта бизнес өкілдері айыппұлдар мен өсімақыдан босатылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде салықтық рақымшылыққа байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Осыған орай, арнайы заң жобасы әзірленді. Аталған құжат бойынша салықтық рақымшылық келесі жылдың аяғына дейін жалғасады.
«Демек, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жинақталған қарыздың келесі жылдың аяғына дейін төлеу керек. Сонда кәсіпкерлер барлық айыппұлдар мен өсімақылардан босатылады», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, салықтық рақымшылыққа темекі, алкоголь мен кен өндіру саласындағы ірі кәсіпкерлік нысандар ілінбейді. Қазіргі есепке сәйкес, рақымшылыққа 90 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.
«Олардың жалпы қарызы 340 миллиард теңгені құрайды. Соның ішінде негізгі қарыздың сомасы - 210 миллиард. Дәл осы қарыз төленсе, мемлекет 122 миллиард теңгенің өсімақысын, сондай-ақ, 7,3 миллиард теңгенің айыппұлын сызып тастайды. Сонда кәсіпкерлер қосымша 130 миллиард теңгені төлеуден босатылады», - деп атап көрсетті М.Сұлтанғазиев.
Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қазанында Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын.
Аталмыш Жолдауда Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізілетінін атап өткен еді.
«Бизнес жұмысын таза парақтан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізуге кірісуді тапсырамын. Дегенмен, барлығы да тегіс болып отырған жоқ. Біріншіден, салықты әділ төлейтін бизнес бар. Ол ертең «ананікін сыздың, менікін неге сызбадың?» дейді. Яғни, ол мемлекетке негізгі салығын төлеген болса, онда өсімпұлдар мен айыппұлдар жайында сөз болып отыр»,- деген еді Елбасы.
28 желтоқсан 2018 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031