» » Түлектер қанатын қомдады

Түлектер қанатын қомдады

qarmaqshy-tany.kz Білімді тал бесіктен жер бесікке дейін іздеу, яғни өмір бойы оқуды қажет етеді. Шексіз оқу болса да, тексіз оқу жоқ деген. Қоғамның кетігін тауып, бір кірпіші болып қалану, қоршаған ортаңнан орныңды сайлау үшін де бір мамандыққа құрық салып игеру қажет. Осы ретте болашақ жас буын қай мамандыққа құштар деген сауал туындайды.
Қазір қалаған мамандыққа қол жетпейді немесе ата-ананың ақылымен, тіпті қатарластарының ықпалымен өз таңдауын өзгертіп жататын жастар бар. Алайда олар ертең еншілеген дипломын кәдеге жаратып, таңдаған мамандығының етегін ұстай бермейді. Хәкім Абай айтқандай, «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп қалмау үшін ертерек қарекетке көшкен абзал. Осыған орай аудандағы No183 орта мектепте No27, No105, No183 мектептің ұйымдастыруымен «Мың мамандық бәрі бар, таңдап-талғап бірін ал» тақырыбында бітіруші түлектермен кездесу кеші өтті.
Жиынның мақсаты – бітіруші түлектерге болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, олардың өмір, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту. Сондай-ақ оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, Отан-сүйгіштікке тәрбиелеу. Түлектерге бағыт-бағдар беріп, олармен пікір алмасуға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, ардагер ұстаз Гүлжауһар Раева, «AMANAT» партиясының аудандағы хатшысы Дастан Буханов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Асанова, аудандық аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Әбдікәрім Жұбанышов, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Талғат Жүргенов және аудандық білім бөлімінің маманы Тәжігүл Әбенова қонақ ретінде қатысты. Іс-шарада қонақтар мен оқушылар арасында психологиялық тест тренингі жүргізілді. Яғни құс бейнесіндегі түрлі-түсті суреттер таратылды. Әр суретте әр мамандық қойылған. Осы арқылы мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? деген секілді сауалдар қойылып жауаптар алынды.
Мұнан соң тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың өмірде өкінбейтіндей өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау керек екені айтылды. Оқушылар мамандықтың маңызы жөнінде көкейде жүрген сауалдарын қонақтарға жолдай отырып, жауап алды. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов оқу бітіріп, кәсіп ашамын дейтін болсаңыз алдымен шешімің мен қадамың нық болу керегін айтса, мамандықты таңдар да икемің мен соған сай бейімділігің айқын болу керегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағамбетұлы тілге тиек етті. Басқа да келген қонақтар өз ойларын айтып, түлектердің қанатын қомдады. Өмір табалдырығын аттағалы тұрған жастың жақын мамандыққа ер салуы ертеңгі күнге сеніммен нық қадам басуына алғышарты болары анық. Осы өткен кездесу болашақ маман иелеріне жарқын жол ашқандай.
Ерсін ӘЛІБАЙ
25 желтоқсан 2022 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 266

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930