» » Кәсіби бағдар керуені

Кәсіби бағдар керуені


«Білім – ер азығы, ер – ел қазығы» дегендей, Президент еліміздің ертеңі адам капиталы екеніне ерекше басымдық беріп отыр. Бұл білімді тал бесіктен жер бесікке дейін іздеуді, яғни өмір бойы оқуды қажет етеді. Бірақ шексіз оқу болса да, тексіз оқу жоқ. Қоғамның кетігін тауып, бір кірпіші болып қалану, қоршаған ортаңнан орныңды сайлау үшін де бір мамандыққа құрық салып игеру қажет.
Осы ретте бітіруші түлектерге бағыт-бағдар беру үшін Қызылорда қаласындағы «Болашақ» универ­ситетінің кәсіби бағдар кер­уені біздің ауданға да тоқтады. Кент орталығындағы №183, №27, №26, №121, №30, №250 мектеп-лицей және аграрлы-техникалық колледжіне түсіндірме жұмыстары жүргізіп, 200 болашақ білім алушымен кездесті.
Бітіруші түлектерге «Болашақ» университетінің материалдық базасы, оқу жүйесі туралы түсірілген арнайы дайындаған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 11 сынып оқушыларымен кері байланыс жүргізілді. Өз ретінде оқушылар да әлеуметтік желілерде белсенділіктерін көрсетіп, ойларында жүрген сауалдарына жауап алғаны үшін алғыс білдірді.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
13 сәуір 2021 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930