» » Кәсіптік білім: Сенім, Бағдар, Болашақ!

Кәсіптік білім: Сенім, Бағдар, Болашақ!

Ағымдағы жылдың 26 - ақпан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжін 2019 – 2020 оқу жылында бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беру, студенттерді кәсіпкерлікке, еңбекке, шығармашылыққа баулу, студенттерге кәсіпкерлікті насихаттау және колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен байланысты нығайту мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде "КӘСІПТІК БІЛІМ: СЕНІМ, БАҒДАР, БОЛАШАҚ!" тақырыбымен еркін форматта кездесу болып өтті.
Аталмыш шараға Қармақы аграрлы-техникалық коледжінің әлеуметтік серіктестіктері, сала мамандары, атап айтқанда Қармақшы ауданы әкімідігі, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ. Нысанбаев, Қармақшы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Е. Смайлов, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы М. Нұрмахан, "Атамекен" ҰКП Қармақшы аудандық филиалының директоры А. Ермекбаев, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ж. Шаймерденова, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы С. Досниязова, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжін 2019-2020 оқу жылында 3-курс бітіруші студенттер, 10 айлық курсты бітіруші студенттер мен ата-аналар қатысты. Кездесу басталмас бұрын қатысушы қонақтар Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттерінің шығармашылық көрмесімен танысты. Шара барысында сала мамандары сөз алып, өз қызметтері бойынша бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар мен мүмкіндіктер турасында ой бөлісті. Сүбелі сұхбатпен өрбіген кездесуде студенттерді еңбекке баулу, болашақ жас мамандарға кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін насихаттау бағытында ақпараттар берілді. Бірқатар сала мамандары мен колледж студенттерін және ата-аналарды бір ортаға тоғыстырған шара қорытындысында "Көлікті жөндеу шебері" мамандығы бойынша 3 - курс студенті Көпжасарова Ақтоты жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар мен мүмкіндіктер туралы өз ойымен бөлісті. Біздің мақсат - қанатын қомдап ұшқалы отырған студенттерге бағдар беру, болашағына бағыт сілтеу. Бұл ретте аталмыш шара өз нәтижесін береді деп сенім білдіреміз!
29 ақпан 2020 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031