» » Оқушылар ант қабылдады

Оқушылар ант қабылдады

qarmaqshy-tany.kz «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді. Ол өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалатындығы өмір шындығы. Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, оны алға апаратын азамат болғандықтан мектептердің дамуы мен оның ертеңі тәуелсіз мемлекетіміз бен қоғамның басты назарында.
Сондықтан да оқушылар арасындағы жоспарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жұмыс жоспары 7 бағыт бойынша жасалынады.
Жоспар мектептің қоғамдық беделін көтеруге, қазіргі заманғы отандық дәстүр негізіндегі тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға, тәрбие және оқу процесіндегі үйлесімділікті қолдануға қоғамдық және отбасылық тәрбиеге бағытталған.
«Жас Ұланның» басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Кент орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектепте «Балалар жылы» аясында, «Жас Ұланның жұлдызды жылы» жылдық акциясының жоспарына сәйкес мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен оқушылардың Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған жиын өтті. «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспары аясында 9 желтоқсан күні «Ұланымыз ұлы елдің» тақырыбында мектебіміздің 4 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау іс-шарасы өткізіліп, ұйым 50 жасұландықтармен толықты.
Мектеп директоры Мәуегүл Ерғалиева оқушылардың «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануымен құттықтап, егеменді еліміздің еңселі азаматы болуына тілек білдірді.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар алдағы уақытта қоғамдық, танымдық, шығармашылық қабілеттерімен мектеп жүйесіндегі тәрбиелік тәжірибені дамытуға, атсалысуға міндеттелді. Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.
Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
Құралай ТРАНОВА,
No26 орта мектептің аға тәлімгері
17 желтоқсан 2022 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031