» » "Жас ұлан" ұйымына қабылданды

"Жас ұлан" ұйымына қабылданды

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ү.К.Томанов атындағы N183 орта мектебінде, мектеп тәлімгері Жеңісбекова Жазира Жеңісбекқызының ұйымдастыруымен оқушылардың Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.

4 "А", "Б" сынып оқушылары ЖасҰлан ББЖҰ қатарына қабылданды. Желтоқсан оқиғасының қатысушы мен куәгерлері Ж. Тобжанова мен мектебіміздің орыс тілі пән мұғалімі А. Асқарова және мектеп директоры Г.Әшірова оқушылардың "Жас Ұлан" ұйымына қабылдануларымен құттықтап, егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына тілек білдірді.

"Жас Ұлан" ұйымына қабылданушылар алдағы уақытта қоғамдық, танымдық, шығармашылық қабілеттерімен мектеп жүйесіндегі тәрбиелік тәжірибені дамытуға, ат салысу міндеттелді.

Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.

Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
07 желтоқсан 2022 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031