» » Ана. Қыз. Тәрбие.

Ана. Қыз. Тәрбие.

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Тәрбиелі қыз өсіру – елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Біздің ұлтымыздың санасының қалыптасуына, тәрбиелі болуына, саналы ұрпақ болуына осы қыздардың үлесі зор.
Желтоқсан айының 2 жұлдызында Жосалы кентіндегі №12 аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыбында кездесу өткізілді.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, аудандық емхана психологы, жастар денсаулығы орталығының психологы Әмина Кетебаева, СӨСҚ кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сүлейменова, колледждің "Инабат" қыздар клубының жетекшісі қатысқан қыздар жиналысын колледж директоры Б.Сайдулла ашып беріп, студенттерге республика көлемінде өтіп жатқан "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн " акциясы барысын түсіндіре кеп,сала мамандарына сәттілік тіледі.
Бұл шараның мақсаты: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу. Сонымен қатар, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ұлтжанды, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу және де отансүйгіштік сезімдерге баулу, репродуктивті денсаулық, болашақ ана болу жауапкершілігі, болашақ тәрбиесі бүгіннен басталатыны нақтыланды. Сонымен қатар жалпы қоғамда аналардың рөлі қандай, әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың өсім алуы, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жалпы отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғау. Қызықты, мазмұнды кездесу болды, ұсыныс-пікірлер тыңдалды, сұрақтарына мамандардан тұщымды жауаптар алды.
Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, АТМ-дар таратылды. Алдағы күнге өзін бағалауға, әр істің сәтті болуына мотивация беріліп, тренингтер жасалынды.
03 желтоқсан 2022 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 380

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930