» » Құқықтық тәрбие және жігер

Құқықтық тәрбие және жігер

qarmaqshy-tany.kz «Құқықтық тәрбие және жігер» тақырыбында колледж студенттерімен құқықтық түсіндіру шаралары жүргізілді.
Бүгін Қармақшы ауданы прокурорының аға көмекшісі Е.Есетов, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Г.Исмайлова, аудандық Жастар денсаулығы орталығының психологы Ә.Кетебаева, колледж директоры Б.Сайдулланың қатысуымен Қармақшы ауданының аграрлы-техникалық колледж студенттерімен «Құқықтық тәрбие және жігер» тақырыбы бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – колледж студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Сала мамандарымен өткен шарада білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық, интернет қауіпсіздігі, ерте жүктіліктің алдын алу, бопсалау, әлімжеттік жасаудың салдары жағдайлары туралы ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды.
Шара барысында колледж студенттеріне «Кәмелеттік жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі» және «Балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері» туралы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық жадынама қағаздары таратылды.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
28 қараша 2022 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930