» » Ібаш жырау көшесі

Ібаш жырау көшесі

qarmaqshy-tany.kz А1994 жылдың 16-шілдесінде сол кезеңдері Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған Жақай Бодықбаевтың №164 шешімімен бұған дейін аудан тұрғындары тарапынан аталып келген Стройтельная көшесі Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен, Сыр сүлейі Ібаш Мыңжасаров атындағы көше болып өзгертілді.
«Жүз шайырдың Отаны» атауымен дүйім қазақ жұртшылығына танылған киелі Қармақшы өңірінің тумасы, Сыр сүлейлері арасында өзіндік орны бар Ібаш жырау 1909 жылы қазіргі Алдашбай ахун ауылында сол өңірге танымал би – Мыңжасар ақсақалдың баласы Райымбайдың отбасында дүниеге келген.
Ол өсе келе ауылдың өзге балалары сияқты діни ғұлама Алдашбай ахуннан сауат ашып, елімізде Кеңес өкіметі орнағаннан кейін заман талабына сай білім алып, елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында, өңір тұрғындарын бірлесе еңбек етуге, білім алуға аянбай еңбек етеді. Қызылорда қаласындағы мұғалімдер даярлайтын оқу орнында білімін жетілдіріп, туып-өскен ауылдағы мектепте шәкірт тәрбиелейді.
Бала жасынан ән мен жырға әуес болып өскен Ібаш Мыңжасарұлы Сыр шайырлары Балқы Базар, дүр Оңғар, Шегебай, Жиенбай, Тасберген, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сынды дауылпаз шайырлардың шығармаларын, сонымен бірге «Көрұғлы» және басқа да халықтық қиссалар мен әндерді нақышына келтіре орындап, халықтың сүйікті әнші-жыршысына айналады. Өзі де түрлі тақырыпта, оның ішінде сол кездегі қазақ халқының тұрмыс-тірішілігі мен ұлт батырларының өнегелі өмір жолдарын суреттейтін жыр, қисса мен дастандар жазған.
1941 жылы Ібаш жырау өзге қазақстандықтармен бірге неміс бас­қыншыларына қарсы соғысқа аттанады. Жосалы стансасынан майданға аттанған қармақшылықтармен бірге Ібаш жырау да «Қызыл эшолонға» мініп, қолындағы домбырасымен күндіз-түні жыр жырлап, майданға бара жатқан жерлестерін елге жеңіспен оралуға рухтандырған.
Туған елі мен жерін жаудан қорғап жүрген кезінде, яғни 1942 жылы Ресейдің Калинин қаласы маңында неміс фашистерімен жан беріп, жан алысқан ұрыста Ібаш жырау хабар-ошарсыз кетеді.
Соғыстан кейін жары Аяш анамыз Ібаш жырауға іздеу салып хат жазғанда майдангер Ібаш Мыңжасаров ұрыс даласында немістерге қарсы өткізген шайқаста ерлік көрсетіп, орденге ұсынылғаны жайлы хат келеді. Бірақ, оның қаза болғаны яки тірі екені туралы еш жерде жазылмаған.
01 желтоқсан 2022 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930