» » Ұлағат – жалықпай еңбек етуде

Ұлағат – жалықпай еңбек етуде

qarmaqshy-tany.kz АЗАТТЫҚ – АСҚАҚТЫҚПЕН ҮНДЕС. КЕШЕГІ ЕЛДІК, БІРЛІК – БҮГІНГІ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА СЕБЕПШІ ҚАУЫМДАСТЫҚ. ЯҒНИ ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАНЫ МЕН ЖАНЫН ҚАТАР ҚИҒАН, ӨЗ ТАҒДЫРЫНА БАҚЫТСЫЗДЫҚТЫҢ ҚАМЫТЫН КИГІЗСЕ ДЕ, ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДА ЖАНҚИЯРЛЫҚҚА БАРҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҰҒЫРЛЫ БИІГІ. АЛ ҚАЗІРГІ УАҚЫТ – БОДАНДЫҚТАН БОСАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН БОСТАНДЫҚТЫҢ ДӘУІРІ. ЕЛ ЖАҒАЛАП БІЛІМ ІЗДЕП, ОҚУ ҮШІН ШАЛҒАЙ ЖЕРДІҢ ҚИЫНДЫҒЫМЕН ҚАСҚАЯ КҮРЕСЕТІН ЖЫЛДАР БҮГІНДЕ ТЕК ТАРИХИ ДЕРЕК ҚАНА.
Бірақ кешегі қайғылы күндердің, жылаған түндердің, өз жерінде пана таппай, жазықсыз айдалып, қалғаны атылған жылдардың кері қарай із салуы да бір мезет. Оның алдын алатын бір ғана қару – білім. Оны игеру, іздену, өзге елмен теңесу, озық санатта күн кешу үшін бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуын қадағалауымыз керек. Оған жауапты бірінші адам – мұғалім. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, «толық» адамның тобын жасақтап, «ке мел» жастардың керуенін алға тартуға әлеуеті жететін де осы мамандық иелері. Оның ішінде өзім де бармын.
Технологияның өрістеуіне, ғылымның қанат серпіп алысты алқымдай алуы жолында жалықпай еңбек етуді борыш са наймын. Тіл тазалығы мен әдеби мәдениеттің мәйегін қалқытып бетіне шығарып, алдыма келген оқушының ата-баба болмысы на қайта сүйсінуі үшін қызмет қылудамын. Әрбір баланың ерекшелігін сезіне отырып, өмірден бағдарын табуына, тек өзі үшін қарекет қылатын емес, халықтық мүддені ескеретін есті адамдардың тобына қосылуы жолында атсалысып келемін. Ауданнан қалыспай, облыстан беріспей бәйгеден бірінші келіп, бірде өзімді сынасам, кейде жинақтаған тәжірибем арқылы шәкіртімнің бабын тексеремін. Еңсе түскен кезіміз жоқ. Биікті бағындырып, алысты жақындатып, білімнің септігімен көпке көз жүгіртіп жүрміз. Тек қана пәндік емес, әнді шырқап, домбыраны күмбірлете күй төгу де – менімен егіз өнер түрі. Қазақтың қанда ойнаған әрбір жырын жанды дауыста, өзімен бірге сабақтаса ілесіп келе жатқан қоңыр домбырасымен қосыла шырқағанды жаным сүйеді. Кешегі батырлардың елдіктің тізгіні өзгенің қолында кетпесін деп жан берісе шайқасқан сәтіндегі жұлқына кіріскен жойқын шабуылы тәрізді, қолыма домбы раны алған сәттен, Алтай мен Атыраудың арасын ала шапқан ердің бірі секілді қанаттанып кететін қасиетім де бар. Сол бір шынайылық пен шеберлікті үндестіре алуымнан болар, арқаланып барған аспабыммен бәйгесіз қайтқан күнім болмады.
Бұл жетістіктердің барлығы – алдымда тәрбиеленіп отырған балалардың көздеріне жалын сыйлайтын күштің бір түрі. Себебі ұстазы озық болған мек тептен алысқа ұмтылатын ұлттың ертеңі қалыптасады. Батырлықпен сыналған кешегі өткен әр тұлғаның ізбасарлары бүгінде біліммен жарысқан оқытушылар. Тәуелсіздіктің парқын түсіндіруден жалықпаған ұстаздан, бетіне жел тимей, байқаудан ешкімді оздырмаған озат шәкірттен, дербестіктің деңгейін көтеріп, елдіктің ертеңін мәңгілікке алаулататын білімнен қуатты қауым шығатыны сөзсіз.
Қалдыгүл МИРОВА,
No269 орта мектептің мұғалімі
22 қараша 2022 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930