» » Аудан әкімі жастар күнімен құттықтады

Аудан әкімі жастар күнімен құттықтады


ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖАСТАР!
Баршаңызды бүгінгі 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек.
Өйткені, ел болашағы жастарымыздың білімдері мен күш-жігерлеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты.
Бүгінгі жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Білім дағдылары мен тәжірибесі мол жастар елдің экономикасын өзгерте алады.
Ауданымызда 2020 жылдың басынан бері бірнеше еріктілер науқаны іске қосылды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау меселесі де назарымызда. Сондықтан да бүгінгі жастарымыз нарықтық заманда алғыр болуы керек. Сонда ғана алатын асуы мен бағындыратын белестері алда болмақ.
Құрметті жастар!
Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлес қоса беретіндеріңізге сенімдемін.
Сіздердің әрқашанда игі бастамаларыңыз сәтті болашақтарыңыз баянды болсын!
Еліміздің кемел келешегін нығайтудағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
12 тамыз 2020 ж. 2 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930