» » Құндылықтың құндысы

Құндылықтың құндысы



Бодандықпен өзге елдің езгісінде өмір сүру, ұлт тағдырының тамырына балта шабумен тең. Сананы өзің емес, жат елдің саясаты басқарып, сергелдеңге салуы – өткенді ұмыттырып, болашақты бұлдырата түсетіні айдан анық.
Соны жүректерімен сезінген қазақ жастары, бейбіт түрде келісімді ұсынғанымен, айдағанға көнетін елдің қатарына жатқызғаны болар, ұлттық пікірді мойындағысы келмеді. Нәтижесінде, үміт еткен шамшырақтардың сөнуіне алып келген аласапыранға толы күндер күңіреткенімен, артынан қуаныштың желі шартарапты шарбыды. Біз тәуелсіз ел атандық. Бірақ ол боздақтарды қан қақсатып, елім дегендерді еңіреткен, жерім деп жанайқайы шыққандарды жер жастандырған сұрапыл сойқанмен келген жеңіс еді.
Сол ащы термен келген тәтті жеңіске, бүгін міне, 30 жыл толып отыр. Ұлттық сананың бойымызға қайта сіңгеніне, ұлттық болмыстың қайта кейпіне енгеніне, ұлттық код деп қадір менен қасиетті қорғай алатын күнге жеткенімізге 30 жыл болды.
Кешегі күні болашағынан қорқыныштың қамыты көбірек көрінген Қазақстан бүгінде жарқындық отын көре алатын Ғажапстанға айналып келе жатыр.
Кешегі мен бүгінгіні жалғар ұстаздық қызметінде жүре отырып, алдыма келген әрбір шәкіртке тарихтың тереңіне бойлата дәріс беремін. Ондағы мақсат – жер жастанып кеткен боздақтардың үні қазақтың болмысында қалыптасып, оқушылар әрбір күні, сол аталар жолына тағзым ете отырып күн кешуді қалыптастырса деймін. Кешегінің арманы болған азаттықтың бүгінгі мәнін тереңінен толғата түсіндіргім келеді. Қазіргі ұрпақ – ертеңгі қазақтың туын көтерер тұлға. Олардың қазақ деп жүректерінің дүрсілі соғып тұруына мен және бүтіндей қоғам жауапты.
Тәуелсіздік – рухтың асқақтығымен келген ең үлкен құндылық. Басымыздың амандығы, еліміздің айбыны, жеріміздің бүтіндігі, сол дербес ел болуымызбен келген бақыт. Аталардың арманындағы азаттық, балаларына бұйырған бақыт іспетті. Байлық пен бақтың баламасы – Тәуелсіздіктің тұғыры берік болғай.
Қалдыгүл МИРОВА,
№269 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
16 желтоқсан 2021 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 294

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930