» » Қайсар құтқарушы

Қайсар құтқарушы

qarmaqshy-tany.kz АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ. ТІЛСІЗ ЖАУДАН ТӨНГЕН ҚАУІПКЕ ҚАРАМАСТАН КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНМЕН АРПАЛЫСҚАН ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ҚАЙСАРЛЫҒЫ МЕН БАТЫЛДЫҒЫНА ЕРЕКШЕ ТӘНТІ БОЛАСЫҢ. ИӘ ОСЫДАН АЗ УАҚЫТ БҰРЫН ҚОСТАНАЙДАН БАСТАЛҒАН ӨРТ ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР АЙМАҒЫНА ЖАЛҒАСЫП ӨРТ-СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІНІҢ ҚАДІРІН ТҮСІНГЕНДЕЙ БОЛДЫҚ.
Құтқарушылардың жұмысы қауіп-қатерге толы. Бір адамды қатерден аман алып қалудың өзі үлкен ерлік пен өрлікті талап етеді. Елімізде осыбір қиын да қызықты мамандықты өмірінің мәніне айналдырған адамдар бар. Олардың өмірі мен еңбегі талайға үлгі. Себебі таңдаған мамандығын шын сүйіп, еңбек ететін салаға жан-тәнімен беріле жұмыс істейді. Мұндай мамандар үшін атақ-абырой бірінші орында емес, маңыздысы – кәсібіне деген адалдық.
Міне, осындай жүгі ауыр салада жанкештілікпен еңбек етіп жүрген маманның бірі – Қасиет Қасымов. Ол аудандық No10 өрт сөндіру бөлімінде өрт-сөндіруші құтқарушы болып еңбек етеді. Мереке қарсаңында қайсар құтқарушымен тілдесіп қайтқан едік.
Қасиет Маратұлы Қызылорда қаласындағы Абылайхан атындағы колледжде төтенше жағдайлар, құтқарушы мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын Байқоңыр қаласындағы өрт сөндіру бөлімінде көлік жүргізуші болып бастайды. Кейіннен аудандық No10 өрт сөндіру бөліміне ауысып қазіргі таңда осы мекемеде өрт сөндіруші- құтқарушы болып еңбек етеді.
Ол өзінің өрт сөндіру саласында қызмет ететініне еш өкінбейтінін айтады. «Кез келген апатты жағдайда қырағылық танытып, елге қалтқысыз қызмет ету басты міндетіміз. Өз мамандығымды жақсы көремін, адамдарға пайдамды тигізіп, қоғам үшін еңбек етуді борышым деп есептеймін» дейді ол.
Қасиет Қасымов әріптестері арасында сыйлы, кез келген жағдайда тәртіпті бірінші орынға қоятын тәуекелшіл жас. Ол жары Маликамен бірге Даниал, Диана есімді ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Тілсіз жаумен күресетін бұл сала үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Өйткені олар үшін адам өмірін құтқару бірінші кезекте тұрады. Қиындыққа қарамастан, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге асығады. Лаулаған оттың ортасына кіреді, адамды апаттан құтқарады.
– Қызыл жалынның ортасына кіргенде біздің бар назарымыз от ортасында қалған адамды құтқаруға, өртті сөндіруге ауады. Ал алауды ауыздықтау – бүкіл бір команданың жұмысы. Сондықтан біздің күшіміз – бірлікте, бір-бірімізге деген сенімде. Ең басты қағидат – осы, – дейді ол әңгіме арасында.
Түйін. Жазда орталық алаң маңындағы шағын дүкендердің бірінен өрт шықты. Айнала әп-сәтте қара түтінге оранды. Көпұзамайөрт сөндірушілер келіп, жалынды шарпыған аймақты басты. Өрт шыққан маңнан сәл қашықта тұрсақ та жалынды басқан судың ыстық лебі бойымызды тітіркендіріп жіберді. Бойды қорқыныш биледі. Бұл – олардың істейтін күнделікті жұмыстары. Алайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жаһанға жар салып, мақтанбайды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
18 қазан 2022 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930