» » Қармақшы ауданының әкімі орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың «19 қазан-Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесімен сала қызметкерлерін құттықтауы

Қармақшы ауданының әкімі орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың «19 қазан-Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесімен сала қызметкерлерін құттықтауы

Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері!
Төтеннен төнген түрлі қауіп пен тосыннан болған табиғи апат кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, тілсіз жауға қарсы тұрып жүрген бейбіт күннің батырлары баршаңызды азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан - Құтқарушылар күні болып белгіленді. Құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық - адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Сол үшін де құтқарушылар қажетті құрал-жабдықтармен барынша жарақтандырылып келеді.
Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болғанмен алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу болып табылады.
Ауданымыздағы азаматтық қорғау құрылымдары тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлық көрсетіп, жоғары жауапкершілікпен қызмет атқарып, міндетін мүлтіксіз орындайтын қызметкерлерінің батылдықтары мен жанқиярлық әрекеттері түрлі табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан адам өміріне араша болып келеді.
Сіздердің бейбіт күндегі батырлықтарыңыз жас ұрпақты елжандылық пен батылдыққа тәрбиелеп, Отансүйгіштік сана қалыптастырып, жауынгерлік рух, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!
Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев
19 қазан 2020 ж. 1 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031