» » Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарымыздан бастап еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.Ұлттық гендерлік саясат еліміздегі демократиялық үрдістердің ең маңызды құрамдас бөлігі.
Еліміздегі гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді. Ерлер мен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып, шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекітуі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам мен әйелдер арасындағы теңдік, өзара сыйластық ежелден қалыптасқан. Ал, қазір біздегі гендерлік саясат біржақты сипат алғаны байқалады, яғни гендерді әйелдердің құқығын қорғау деп түсіну басым. Мәселен, біз әйелдің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық- зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көп айтамыз. Отбасындағы ер адамдар жайлы мүлде ұмыттық. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені, ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген. Егер, олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылу керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім жітімге душар болатын ер адамдар. Ер адамдар негізінде психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан ерлердің мүддесін қорғау маңызды.
А.Жақыпбек,
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы
28 қыркүйек 2022 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930