» » Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы

Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  басқарады. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру. Сондықтан да әлем елдерінің алдында өз имиджімізді бұдан әрі дамыту үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейту жолында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді.
      Жалпы гендертермині-ерлер  мен  әйелдерарасындағы  қатынастардың  өмірдің барлық  салаларындакөрініс  табатын  әлеуметтікқыры  деген  ұғымдыбілдіреді.
Мемлекеттік гендерлік саясат гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүзеге асырылып  келеді. Яғни, гендерлік  теңдікстратегиясы  ерлер  менәйелдердің  теңдігіне  қол жеткізумақсатында  билік  пенқоғамның  өзара  тиімдіәрекет  етуіне  бағытталыпшығарылған  заң. Сондықтан гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың  арқасында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер өз шешімін  табуда.
Қазақстан адам құқықтарын қорғауғабағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары бекітілді. Әйелдер  теңдігінқамтамасыз  етуге  ықпал  ететін  2009жылы  екі  заң қабылданды. Біріншісі- «Ерлер  менәйелдердің  тең  құқықтарыныңжәне  тең  мүмкіндіктерінің  мемлекеттіккепілдіктері  туралы» Қазақстан Республикасының 2009  жылғы 8 желтоқсандағы №223-ІҮ Заңы, екіншісі-«Тұрмыстықзорлық-зомбылық профилактикасытуралы» Қазақстан Республикасының 2009жылғы 4  желтоқсандағы №214-ІҮ Заңы. Ал Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатадыжәне реттейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.
Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Яғни азаматтар арасында «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, кездесулер өткізу жолымен  жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілу  қажет.
Гендерлік  саясат  қоғамталабы. Қазіргі  қоғамда  қаншаәйелдер  мемлекеттік және қоғамдық басқару ісінде, кәсіпкерлік  саласында  белсенежұмыстар атқарып  жүр. Олар отбасы  мен  қызметінқатар  алып  жүріп,қандай  қызмет  атқарсада, үлкен  жауапкершілік  пенсенімділіктің, жоғарыкәсібиліктің  үлгісін,  уақыт талабына сай  жаңа кезеңдегі әйел бейнесін көрсетіп  келеді. Оған дәлел халықаралық аренада әйелдердің саяси ролі уақыт өткен сайын айқындалып келеді.

Қармақшы  аудандық  сотының        
кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов
 
04 желтоқсан 2018 ж. 2 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031