Құрылтай
» » Гендерлік теңдік және әйелдер құқығы

Гендерлік теңдік және әйелдер құқығы



Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап гендерлік теңдік мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Бірінші рет заңнамада «гендерлік теңдік» деген ұғым бекітілді, ол ер мен әйелдің жынысына қарамастан өмірдің саяси, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына белсене қатысуға нақты қол жеткізу және теңдей мүмкіндік және де тең құқықты қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе деп танылды. Сондықтан елімізде жыл өткен сайын гендерлік тендік мәселесі оң шешімін тауып келеді.
Соның айғағы әйелдердің қоғамдық өмірде өз орнын табуы, саяси экономикалық жылжуы, әйелдер және олардың отбасы денсаулығының жақсаруы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті. Дегенмен қазіргі уақытта гендерлік теңсіздік мәселесі әлі де бар. Жағдайды жақсарту және гендерлік саясатты одан да белсенді дамыту үшін халықтың барлық бөлімдерімен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында да гендерлік болашақты жаңарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Телжан ӘМІР,
аудандық соттың бас маманы
29 қаңтар 2021 ж. 1 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 674
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31