» » Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы

Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы


Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басқарады. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру. Сондықтан да әлем елдерінің алдында өз имиджімізді бұдан әрі дамыту үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейту жолында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді.
Гендерлік теңдік стратегиясы ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатында билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Сондықтан гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың арқасында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер өз шешімін табуда.
Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Яғни азаматтар арасында «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіп келеді.
Гендерлік саясат қоғам талабы. Қазіргі қоғамда қанша әйелдер мемлекеттік және қоғамдық басқару ісінде, кәсіпкерлік саласында белсене жұмыстар атқарып жүр. Олар отбасы мен қызметін қатар алып жүріп, қандай қызмет атқарса да, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғары кәсібиліктің үлгісін, уақыт талабына сай жаңа кезеңдегі әйел бейнесін көрсетіп келеді. Оған дәлел халықаралық аренада әйелдердің саяси ролі уақыт өткен сайын айқындалып келеді.
Самат ҚОЖАБАЕВ,
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы
29 наурыз 2021 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031