» » Базарларда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Базарларда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

«Жеті жұттың бірі – өрт» деп бабаларымыз айтып кеткендей, тілсіз жау өрт те адам баласына өз зиянын келтіріп, материалдық шығынмен қоса адам өмірін де қиып жатады.
Өткен жылдары Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Орын-Ай», «Арзан» базарлары мен бірнеше шағын дүкендерде өрт болып, 150-ден аса кәсіпкер шығынға ұшырады.
Биыл Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі «Сулпак» сауда орталығы мен екі сауда дүкенінде өрт оқиғасы орын алып, кәсіпкерлер шығынға ұшырады.
Қарап отырсаңыздар өрт салдарынан болған материалдық шығындар үкіметтің емес жеке кәсіпкерлердің, жеке саудамен айналысатын азаматтардың қалтасын саяздатып отыр. Сауда базарларында орын алған өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ, өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға базар, мекеме басшыларының немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселелерді шешуге мән бермеуден, қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болып отыр. Қазіргі уақытта күн көріп нан табудың бір түрі сауда болғандықтан, саудамен айналысатын азаматтар өз сауда жасайтын орындарыңызда жоғарыдағыдай өкініштер қайталанбас үшін өздеріңіз өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар. Сондықтан да сауда орындарында өрт оқиғасы болмас үшін төменде көрсетілген талаптарды орындап отыруларыңыз қажет.
– базар ауласында ашық от көздерін пайдалануға;
– кез келген орындарға қоқыстарды (жанғыш заттарды) жинауға немесе оны өртеуге; – базар ауласында эвакуациялық жолдарды кедергілермен жауып тастауға;
– базар ауласында орналасқан дүкендер мен дүңгіршектерде және т.б. ғимараттарда тозған электр приборларын қолдануға;
– кез келген орындарда темекі шегуге немесе темекі тұқылдарын толық сөндірмей тастауға қатаң түрде тиым салынады.
Өрттің алдын алып, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне хабар беріңіздер!
Еркін НАЗАРҚҰЛОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін
атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі
29 тамыз 2022 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 178
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031