» » Сауда орталығында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Сауда орталығында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Өртке қарсы режимнің ережелеріне сәйкес, халықтың жаппай жиналатын объектісі – бұл бір мезгілде 50 немесе одан да көп адамдар жиналатын ғимарат. Олардың ішінде сауда орталықтарына тоқтала кетсек, қазіргі уақытта ірі сауда нысандарының құрылысы үлкен қалаларда ғана емес, еліміздің қарапайым шағын аудандарында көптеп кездеседі. Мыңдаған адамның ішінде ірі сауда орталықтарына бірінші рет келген кейбір адамдар эвакуациялау жолдарымен таныс. Бұл адамдар төтенше жағдайда қалай әрекет етеді? Төтенше жағдайда олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
Сауда орталығы бір мезгілде көптеген адамдар болатын және бірнеше қабаттары бар кең жабық алаң болып табылады. Сондықтан стационарлық бөлшек сауда желісінің жұмысы міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережесіне сай болып, өртке қарсы қауіпсіздігі мұқият ойластырылуы тиіс. Сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін эвакуациялауды ұйымдастыруға аса мән беріп, өрт сөндірудің автоматты жүйелері мен өрт сөндіру үшін пайдаланатын қол құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етіліп, олар міндетті түрде объектіде болуы шарт. Көбінесе сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі кәсіби автоматты жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Жергілікті жерлердегі жауапты адамдар кем дегенде жарты жылда бір реттен сауда үй-жайларында оқу-жаттығу эвакуациясын өткізуі қажет, бұл үшін персонал елеулі өртке дайындалып, тез әрекет ету керек. Сауда алаңдарының меншік иелері мен жалға алушылары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өрт болған жағдайда олардың іс-қимыл жасау тәртібі бойынша өз жұмысшыларымен нұсқамалар жүргізуі қажет. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары барлығына бірдей, бірақ объектінің инженерлік ұйымының әрлеу ерекшелігіне байланысты осы талаптарды қамтамасыз ету тәсілдері жиі ерекшеленеді. Сондықтан сауда орталығының иесіне осы нысанның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің өрт қауіпсіздігі жүйесін әзірлеуді ұсынады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау өрт пен адам құрбандарының пайда болу қаупін бірнеше рет төмендетуге мүмкіндік береді. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефон номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз!
А.ТҰРҒАНБАЕВ
 аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің
аға инженері, а.қ лейтенанты
21 маусым 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930