» » Сүндет һәм сүннет

Сүндет һәм сүннет

«Қорықпа, дым ауырмайды» деді бала Қайыржан інісіне жұбаныш сөзін жеткізе. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы сөзбен атасы өзін алдарқатқаны бар. Үйге келген хирург дәрігердің сұсты түрінен қорықпасын деп бар жылы сөзін айтып, сүндетке отырғызған. Енді атасы жоқта өзі жаны ашып, ағалық мейірін төгіп жатыр. Бір жыл бұрын ауыр науқастан арқа сүйеген атасы бақилық болып, кішкентай болса да ендігі жүкті мойнына өзі алғандай сезінді.
Киіз үйдің ішінде Сабыржанды қасына алған ол, атасынан бар үйренген сөздерін баса айтып жігерлендіріп жатыр. «Жылама. Мен де сендей кезімде қорыққан едім, сөйтсем ауырмайды екен. Міне, қарашы жазылып кеткен» деп өзінікін бір көрсетіп қойды. Көзден шыққан жасы мен танау­дан аққан суын екі қолының білегімен сүрткен Сабыржан ағасына қарап «Маған велосипедіңді берші» деді еркелей. Аяғы жетпесе де күнде итеріп ойнайтын ол, бұл жолы өзіне сыйға тартуды сұрады. «Ой, ала бер, саған бердім. Менің бойым өсті, маған енді тебуге кішкентай» деді. Манадан бері көлігін жөндеп әлекке түсіп жатқан бұлардың әкесі сырттай сөздерін тыңдап тұр. «Әй, балам, сенде кәдімгідей аға болыпсың. Ініңді жұбатып болсаң, киініңдер қалаға барамыз» деп көлігін тексеріп, қара түтінін шығара гүр еткізді.
Қалаға баратындағы жай белгілі. Әкесі үйге дәрігер шақырып баланы сүндеттегеннен гөрі, тынышы шаруаны емханадан тындырып келгенді жөн көрді. Себебі аталары барда ол бұл іске бас қатырмайтын. Қалаға тіке тартқаннан емхананың алдына бір-ақ тоқтады. Ұзына бойы созылған дәліздің ана басына ентіге жетіп, соңғы есікті тақылдата қақты. Арғы жағынан «кіріңіз» деген дауыстан соң ұлын кіргізіп, дәрігердің қолына ұстатты. Сабыржан да ендігі жайды түсінгендей өңі бұзылып, ыңырси бас­тады. Қасына ілесіп келген Қайыржан ағасы «Жылама, сені сыртта күтеміз» деп есіктің кіреберісінен қалды. Жылайма деген оймен есікке құлағын тос­ты. Тым-тырыс. Он бес минуттан соң дәрігер шығып «Ал, ұлыңыз мұсылман болды» деді әкесін құттықтап. Есіктің арғы жағында ұзын көйлегінің етегін тарта ұстаған Сабыржан мен де сендей болдым, дегендей ағасына күліп қарады. Сүндеттің әдебімен Қайыржан жинаған ақшасын бірінші барып қолына ұстатты.
Әлімсақтан мұсылман баласына міндет болған сүндет той – тойдың үлкені саналып, жыл сайын жер-жерде жаңғыруда. Жаз маусымы басталғаннан ата-ана ер жеткен ұлын әлден құлақтандырып «Балам сенің мұсылман болар уақытың келді. Ертең сабаққа барасың, сүндетке отыруың керек» деп жиі-жиі айтып отырады. Оны естіген бала да шүметайын әрлі-берлі созып, дайын жүреді.
Жалпы ислам діні тазалықты жақсы көреді. Сүндеттеу – тазалыққа, өніп-өсуге пайдалы дәстүр. Мұсылманшылықта сүндеттелген адамның дәрежесі сүндеттелмегеннен бір саты биік тұратынын білген жөн. Сүндеттелген балаға туыстары «Сақинаң құтты болсын» деп те айтады. Әдетте нағашылар жағы өскенде «жалын тартып мінсін» деп тай мінгізеді. Мұндай да баланың көңілі көтеріліп, аз да болса ауырғанын ұмытады.
Қазақта кішкентай баладан «әпшу берші» деп сұрап жатады. Алайда оның да өзіндік мәні бар. Баланы әлден тазалыққа үйретіп, сындырған дәретін ұшынан шығарып тастау мақсатында шүметайының ұшынан тартқызады. Керісінше зәр қалдығы қалып қойған жағдайда бүйрек, қуыққа инфекция түсіп ауруға әкеп соқтырған. Мұны дәрігерлер – фимоз ауруы дейді. Қазір көп жағдайда ата-ана баласының жағдайын ойлап лазерлі сүндеттеуге жүгінеді. Медицина тілімен айтқанда – термокоагуляция деп атайды. Алайда дәстүрлі сүндеттеу лазерлі сүндеттеуге қарағанда пайдалы дейді сала мамандары. Себебі күйдірілген терінің жазылуы ұзаққа созылуы мүмкін. Осыдан кейін тазалықты сақтап, түрлі аурудан қорғануда дәстүрлі сүндеттеуді құптайды.
Иә, бабадан аманат болған тағылымды дәстүрді берік ұстанып, ғұрпымыздан алыстамайық. Балаңыз сүтдетке отырса, сақинасы құтты болсын.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 шілде 2022 ж. 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031