» » Оқушы қыздар құрбысын соққыға жығып, сұмдық жағдайға жеткізген

Оқушы қыздар құрбысын соққыға жығып, сұмдық жағдайға жеткізген

Кейде осы "нәзік жандар неге төбелеседі, неге бір-бірін аяусыз соққыға жығады?" сұрақ еріксіз ойыңа келеді. Мына жағдайда да оқушы қыздар құрбысын аямаған. Оны тепкілеп, тіпті шашынан сүйреп, ақыры сұмдық жағдайға жеткізген.
Caravan.kz медиа-порталы өмірде болған жайттар туралы жазбаларды жариялау үрдісін жалғастырады. Бұл жолы бір келіншек өзінің оқушы кезінде құрбыларынан қатты таяқ жеп, соның салдарынан денсаулығынан айырылғаны туралы әңгімелейді.
"Жасым 31-де. Тұрмыс құрғанмын. Күйеуім - жақсы жігіт. Сонда да бақытсызбын. Өйткені тұрмысқа шыққаныма алты жылдай болса да, бала көтере алмай жүрмін.
Мектепте жүргенде, маған біраз ұлдар сөз айтты. Иә, өзімді көріктімін деп айта аламын. Сол әдемілігімнен шығар, ұлдардың назары көбіне менде болды. Ал қыздар мені жек көрді. Сондықтан да қатар құрбыларымның ешқайсымен достаса алмадым, жалғыз жүрдім. Өзім де жұртпен онша араласқыш емес едім.
Бір күні қыздар "Жүр, әңгімелесейік. Бізбен аралассаңшы" деп, мені ауыл сыртына алып барды. Ойымда ештеңе жоқ, оларға ілесе кеткенмін. Қаңырап қалған бір үйдің тасасына келгенде қыздардың бірі мені арқамнан бір тепті. Қарасам, Жазира екен. "Менің жігітімде нең бар, ей?" деді салған жерден. Қай жігітті айтып тұрғанын бірден түсінбедім. Бірақ қарап тұрмай, қарымта бердім. Екеуміз шарт та шұрт төбелесе кеттік. Жазира менен жеңіліп қалды. Осыдан кейін маған басқалар жабылып, оңдырмай тепкілеп тастады. Сосын шашымнан тартып сүйреді. Әйтеуір, білгендерін істеді. Есімді жисам, әлгі бос тұрған үйдің ішінде жатыр екенмін. Қасымда бір қыздан басқа ешкім қалмаған. Сөйтсем, ол маған жаны ашып, арашалап қалыпты. "Мұны ешкімге айтпай-ақ қой, - деді Самал. - Енді олар саған тиіспейді". Өзім де айта қоймас едім. Қыз да болсам, намысшылмын ғой. Біразға дейін ішім ауырып жүрсе де, ауруханаға бармадым. Кейін өзі қойып кетті.
Сол кезде ішімнің неге ауырғаны енді белгілі болып отыр. Соққының салдарынан жатырыма зақым келіпті. Бәлкім, сол кезде ауруханаға барғанымда, дәрігерлер емдеп берер ме еді... Енді балалық жасаппын деп өкініп отырмын.
Қазір ғаламторға оқушы қыздардың төбелесі туралы небір видеолар шығып жатыр. Соларды көрсем, денем түршігіп кетеді, оңбай таяқ жеген күнім есіме түседі. Осыған байланысты сіңлілеріме ақыл айтқым келеді. Бір-біріңе қатыгез болмаңдаршы. Біреуге кесірлеріңді тигізбеңдерші..." 


20 маусым 2019 ж. 2 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031