» » Қыздар аяқ киімінің өкшесіне қарап мінезін таны

Қыздар аяқ киімінің өкшесіне қарап мінезін таны

Психологтар қыздардың таңдайтын аяқ киіміне қарап мінезін тануға болады дейді. Егер ұнатқан аруыңыздың болмысын анықтай алмай жүрсеңіз, оның күнделікті киетін аяқ киіміне назар аударып көріңіз. 1. Биік өкшелі туфлилер Биік өкшені бейсаналы түрде басқалардан «жоғары» тұруды аңсайтын қыздар жақсы көреді. Олар қарсы келуден және ережелерді бұзудан тайсалмайды. Және тартымдылығы мен сымбаттылығын көрсеткісі келеді. 2. Біз өкшелі туфлилер Біз өкшелі туфлилерді өзіне сенімді қыздар киеді. Олар өз тартымдылығына сенімді болғандықтан таныстық орнатудан қиналмайды және табиғатынан өте биязы болады. 3. Платформа табанды туфлилер Психологтардың пікірінше, платформа табанды туфлилерді мінезді, әрдайым өз пікірін қуаттайтын қыздар жақсы көреді. Олар көбіне болжап болмайтын әрекеттерге жиі барады. 4. Платформа өкшелі туфлилер Платформа өкшелі туфлилерді көбіне ұқыпты, және романтик қыздар ұнатады. Мұндай қыздар әрдайым табысқа жетуді қалайды және тік мінезді келеді. 5. Аласа танкеткалар Аласа танкеткаларды жаны сүйетін қыздар жұмсақ мінезімен, көнгіштігімен және сабырлығымен ерекшеленеді. Мұндай қыздар әрдайым мәмілеге келуге асығады және олармен қарым-қатынас құру өте оңай. 6. Жайпақ аласа өкшелі туфли Жайпақ аласа өкшелі туфлилерді (ерлер туфлиіне ұқсас) өзіне не керегін нақты білетін, мықты қыздар таңдайды. Бірақ мұндай арулар көп жағдайда стресске берілгіш, күйзеліске жиі түсетін болып келеді. 7. Спорттық аяқ киімдер Психологтардың пікірінше, спорттық аяқ киімдерді жайдары мінезді қыздар жақсы көреді, олар адамдармен тез араласады, бірақ консервативті келеді, өмірлеріне өзгеріс енгізуден қашады.

17 маусым 2018 ж. 2 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 893

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930