» » Фильм жанры бойынша сіз қандайсыз?

Фильм жанры бойынша сіз қандайсыз?

Фильм жанры бойынша сіз қандайсыз?
Кино – өнер, бұл шығармашылықтың қай түрі ұнайтынына байланысты адамның мінезін, темпераментін, психологиялық жай-күйін анықтауға болады. Немесе адам болмысына қарап, қандай жанр ұнататынын анықтап көріңіз.
Драма

Драма көбінесе ойшыл, кішіпейіл, адамдармен тез тіл табысатын жандарға ұнайды. Кеудемсоқтық пен бойсұнбаушылық олардың достыққа, махаббатқа құрылатын қатынас жасауына еш кедергі келтірмейді. Ал жақсы энергия қоры жұмысқа қабілеттілік пен көнбістікті жасап шығарады.
Мелодрама

Эмоционалды романтиктер мен шығармашылықтың бастапқы белгілері білінетін жандар мелодраманы ұнатады. Олар басқалармен тез тіл табысып кетеді. Бастаған ісін міндетті түрде соңына дейін жеткізеді.
Тарихи кино

Шығармашылық адамдары тарихи кино көргенді ұнатады. Іске қабілетті, тереңнен ойланатын тұлғалар осы жандар. Олар анық, түсінікті және қарапайым түрде талқылайды. Олардың әрекеттері де жүйелі. Олар нағыз жақсы дос бола алады.
Қиял-ғажайып (фэнтези)

Аңыз, ертегі, әпсанаға құрылған (фэнтези) киноға бірден интроверттердің таңдауы түседі. Әрдайым сыртқы ортадан қолдау, қолпаштау күтетіндер осылар. Олар ұқыпты, кейде ішкі болмысын көрсетпейді, тұйық. Олар жақындарына соншалықты құштар әрі опасыздыққа жат.
Кинокомедия

Бұл жанр жеңіл ойлы адамдарға тән деп ойлау қате болады. Біріншіден, олар өте жомарт, екіншіден, шынайы, өз өзімен үйлесімде жүретін жандар. Олар салауатты өмір салтын ұстанады, өте позитивті. Бұл жандарды «ортаның гүлі» деуге болады.
Трагикомедия

Мұндай киноны жақсы көретіндердің жаны меланхолияға жақын. Дүниетанымы кең, білімі де мол. Бұл киномандар кейде қарапайым мәселені түйінін таба алмай қалады. Жаны жараланғыш, уайымға жақын.
Мюзикл

Талғамы музыкалық фильмге сай келсе, бұл адамның нәзік, жұмсақ мінезді екенін көрсетеді. Кейде сыртқы ортаның қолдауына мұқтаж болады. Жақсы әзілдесе біледі, таным көкжиегі кең.
Шытырман оқиғалар

Албырттық пен терең түйсік – шытырман оқиғалы (приключение) фильм сүйгіштердің басты көзірі. Нақты мақсаты бар, табанды жандар. Нысанасын көріп тұрса, ешқандай тосқауыл көзіне көрінбейді.
Детектив

Өзін өте жоғары бағалайтын әрі осы бағаға лайық жандар детектив жанрын сүйеді. Қиыл түрлі түске толы, интеллектуалдық деңгейі де жоғары.
Боевик

Боевикті энергиясы мол, белсенді адамдар жақсы көреді. Олар қоршаған ортаны еркін, жеңіл қабылдайды. Өздері де жүгіріп, шауып, айқайлап, атуға кет әрі емес. Оларда үнемі айтылмаған, жұмбақ нәрсе тұрады. Боевикті жақсы көретін қыздар кербездігімен, жоғары талғамымен ерекшеленеді.
Қорқынышты фильмдер

Өмірде адреналинге шөлдеп жүретіндер қорқынышты фильмді ұнатады. Бұл адамдар өте мейірімді, биязы, сабырлы. Олар шынайы сұмдықты сағымға айналдырғысы келеді, фильмнің құрбаны мен өзінің арасын параллельді қашықтықта ұстайды.
Триллер

Жан мен тәннің бостандығына ұмтылатын ұқыпты адамдар триллерді жақсы көреді. Олардың бүкіл өмірі жоспармен жүреді. Олар қысымға шыдамайды, барлық шешімді жеті өлшеп, бір кескеннен кейін қабылдайды. Өмірдің мәні туралы ұзақ әңгімелесуге жаны құмар.
Фантастика

Шытырман оқиғаларды жақсы көретіндер фантастика жанрындағы фильм қарауды ұнатады. Егер олардың өмірінде шытырман жағдай бомлай кетсе, олар өздері іздеп барып ұрынады. Мұндай адамдардың жанында ішіңіз пыспайды. Фантастика сүйер қауым армандай біледі әрі қиылға батқанды жақсы көреді. Өмірде көп арманын жүзеге асырады.
07 сәуір 2018 ж. 1 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031